Жедел әрекет ету топтары

Тапсырыс берушінің кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементтерінің бірі үрейлі оқиғаға «KMG-Security» ЖШС жедел әрекет ету топтарының (ЖӘТ) күшімен дербес әрекет ету бойынша қызметтер ұсыну болып табылады.   

ЖӘТ-тің негізгі мақсаты – Серіктестіктің күзет күштерін шұғыл әрі күш жағынан қолдау.

ЖӘТ-тің міндеттері:

  • төтенше жағдайлар туындаған кезде нысандар күзетін дереу күшейту;
  • күзетілетін нысандарға қатысты құқыққа қайшы қастандыққа жедел әрекет ету;
  • шабуыл кезінде күзет қызметкерлеріне күштей қолдау көрсету;
  • құқық қорғау, арнайы және басқадай мемлекеттік органдардың күзетілетін нысандар аймағындағы жедел алдын алу, іздестіру және басқадай шараларына көмек көрсету;
  • адамдарды, жүктерді, тауарлы-материалды құндылықтарды алып жүру.

«KMG-Security» ЖШС-ның жедел әрекет ету топтары шұғыл шараларды тездетіп ұсынуды, қолдануды, тәжірибелік көмек көрсетуді  жүзеге асырады:

  • қорғалатын меншікке немесе тұлғаларға қатысты қылмысқа бағытталған әрекеттер жағдайында (шабуылдар, қарақшылық, тонау, ұрлық, қоқан-лоққы, арандатушылық әрекеттер);
  • төтенше жағдайлардың орын алуына байланысты зор қауіппен астасып жатқан жекелеген тапсырмаларды орындау барысында;
  • VIP дербес қорғау элементтері пайдаланылатын кездесу, шығарып салу және алып жүру бойынша кенеттен туындайтын міндеттер барысында;
  • қызмет көрсетілетін нысандардың барлығында қызметкерлер мен тапсырыс берушінің клиенттеріне қатысты құпия қорғау шараларын жүзеге асыру кезінде;
  • нысандардағы уақиғалар кезінде;
  • нысандар күзетін күшейту қажет болғанда;
  • өрт, табиғи және техногенді сипаттағы апаттар орын алғанда.

«KMG-Security» ЖШС-ның жедел әрекет ету топтарын материалды-техникалық қамтамасыз ету жабдықтаудың жоғары деңгейіне сай, төмендегілерді қамтиды:

  • жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль;
  • сандық, спутниктік байланыс құралдары;
  • GPSнавигация;
  • түнгі көру аспабы, қашықтық өлшеуіш;
  • фонарь, дүрбі, құбылнама;
  • қару-жарақ (иір ойықты қаруды қоса алғанда);
  • арнайы құралдар, жасырын киілетін оқ өтпейтін кеудеше;
  • белгі беру зымырандары (белгі беру оқ-дәрілері);
  • түнемел қаптар, бензин және су қорына арналған канистрлер;
  • құрғақ азық үлесі (кемінде екі күнге);
  • бекіністік құрал-саймандар, жүкшығыр, сырғанауға қарсы шынжырлар және қойылған міндетті кез келген жағдайда орындауға мүмкіндік беретін  көптеген басқа да құралдар.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики