Жаңалықтар

06.07.2017
Еңбек ұжымдарымен есепті кездесулер

Жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында тура коммуникацияны құру және қолдау, персоналға компания қызметінің мақсаттары мен міндеттері туралы уақытылы ақпараттандыру, ағымдағы жағдайды және жұмыстың өндірістік-экономикалық көрсеткіштерін жеткізу, қолданыстағы еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік кепілдіктер жүйесі мәселелерін түсіндіру және т.б. үшін а.ж. маусым айында бекітілген Кестеге сәйкес Серіктестіктің барлық филиалдарында басшылықтың еңбек ұжымдарымен есепті кездесулері өткізілді.

Кездесулер филиалдардың кеңселерінде де, сондай-ақ күзетілетін объектілерге тікелей шығумен өткізілді, оларға өңірлік бөлімшелердің басшылары, кадр қызметтерінің бас мамандары, бас бухгалтерлер қатысып, өндірістік персонал жұмыскерлерін қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.

Кездесулердегі жұмыскерлердің жалпы қамтылуы жалпы компания бойынша 80% дерлік құрайды. Өткізілетін іс-шараларды хаттамалау, фото және бейне арқылы бекіту қамтамасыз етілді.

Аталған жұмыс бұдан әрі де тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики