Жаңалықтар

24.08.2017
«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС ТДҚІТ-1 объектісінде бірлескен терроризмге қарсы жаттығу өткізілгені жайлы

«KMG-Security» ЖШС Ақтөбе филиалының Ұйымдастырушылық-тәжірибелік іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылғы 21 тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының «Кеңқияқ» БМАС аумағында орналасқан Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС ТДҚІТ-1 объектісінде террорлық сипаттағы қатерлер туындаған жағдайдағы өндірістік персоналдың, күзет және өртке қарсы қауіпсіздік күштерінің іс-қимылдарын пысықтау бойынша бірлескен оқу-жаттығу болып өтті.  

Оқу жаттығуына тиісті техникалық құралдарды қолдана отырып, ҰҚК, ІІМ және Ақтөбе облысы Темір ауданының ТЖД аумақтық органдарының жедел топтары ат салысты.

Қадағалаушы ретінде «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС Пайдалану департаменті Қауіпсіздік қызметінің өкілі қатысты.

Жаттығу келесі мақсаттарды көздеді:

  • объектінің хабарландыру, сондай-ақ АҚ, ТЖ және ӨҚ жағдайларында оларды терроризмге қарсы қорғау және қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау жүйесін тексеру бойынша шаралар қолдану;
  • күзет бөлімшелерінің, апаттан құтқару және өртке қарсы қызметтердің басшы құрамдарының білімдері мен икемділіктерін тексеру;
  • объект персоналы мен үйренуші қызметкерлердің орынжайды тексеру техникасы, жарылғыш құрылғылардың ықтимал қойылу орындарын анықтау тәжірибелік дағдыларын пысықтау;
  • «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС персоналы мен «KMG-Security» ЖШС АФ қызметкерлерін сырттай қолдан жасалған жарылғыш қондырғыға ұқсайтын күмәнді бұйымдарды тапқан кездегі іс-қимыл тәртібіне үйрету;
  • құқық қорғау және арнайы органдармен өзара әрекеттестікті пысықтау.

Жаттығу нәтижесі бойынша АҚ, ТЖ және ӨҚ хабарландыру жүйесі қалыпты жұмыс режимінде жұмыс істейді деген тұжырым жасалды. Объектінің басшы құрамы мен персоналы төтенше жағдай және террорлық акт қаупі жағдайында әрекет етуге және басқаруға қажетті білімдер мен дағдыларға ие.  

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики