Жаңалықтар

28.09.2017
Алматы қ. Қазақстан Республикасы Күзет ұйымдарының қауымдастығы Президиумының кеңейтілген отырысы

2017 жылғы 22 қыркүйекте «KMG-Security» ЖШС бас директоры  Тоқалов Т.Б., бас директордың бірінші орынбасары Жаманбаев М.С. ҚР КҰҚ Президиумының кеңейтілген отырысына қатысты, онда төмендегі мәселелер қаралды:

  1. Қауымдастық әкімшілігінің 2016 жылғы қыркүйек айынан бастап 2017 жылғы қыркүйек айын қоса алғандағы кезеңде атқарған жұмысы туралы есебі.
  2. Қауымдастықтың тексеру комиссиясының Қауымдастық әкімшілігінің 2016 жылғы қыркүйек айынан бастап 2017 жылғы қыркүйек айын қоса алғандағы кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметі жайлы есебі.
  3. «Қазақстан Республикасы күзет ұйымдарының қауымдастығы»  ЗТБ әкімшілігінің 2018 жылға арналған шығындар сметасын бекіту.
  4. Кіру және мүшелік жарналар туралы қағидаларға өзгерістер енгізу туралы.
  5. Қауымдастық мүшелігіне қабылдау.

Отырыс аясында Қауымдастық жарғысына президент өкілеттігін кезекті есеп беру-сайлау жиналысына дейін ұзартуға қатысты  өзгерістер енгізілді.

Оған қоса Қауымдастық әкімшілігі тарапынан «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелері туралы» Үкімет қаулысына тағы бір мейрам – 29 қазан күні тойлану ұсынылатын «Күзет қызметкерінің күнін» қосу бастамасы жайында ұсыныс енгізілді.  

Сондай-ақ Жиналыста Қауымдастықтың жарғы талаптарының, осыған дейінгі жиналыстар шешімдерінің орындалуы, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты нығайту бойынша жүргізілген жұмысы аталып өтілді, оның ішінде:

  • күзет қызметінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті орнату.
  • күзет қызметінің кәсіби стандартын бекіту (Ұлттық палатаның 2017 жылғы 21 ақпандағы № 29 бұйрығы).
  • ҚР ІІМ және Қауымдастықтың қадағалау кеңесін құру.
  • Құқық қорғау және арнаулы аумақтық органдардың жеке меншік күзет ұйымдарымен өзара әрекеттестігінің қағидаларын бекіту (Ішкі істер министрінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы).

Сонымен бірге, Қауымдастық Президенті (А. Калинин) тарапынан «KMG-Security» ЖШС-ның «Қазақстан Республикасы Күзет ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-ның айрықша құқықты  (бірлестік жұмысын басқаруға қатысу, Қауымдастықтың басшы органдарына сайлану және сенімді іскери серіктес ретінде ұсынылу айрықша құқықтарымен) мүшелігін растайтын сертификат табыс етілді.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики