Жаңалықтар

17.10.2017
«Террорлық тұрғыдан осал объектілердегі террорлық қатерлерге қарсы іс-қимыл» конференциясына қатысу

2017 жылғы 27-29 қыркүйекте «KMG-Security» ЖШС орталық аппаратының қызметкерлері «Террорлық тұрғыдан осал объектілердегі террорлық қатерлерге қарсы іс-қимыл» конференциясына қатысты.

Конференция спикерлері ретінде ҚР Терроризмге қарсы орталығы штабының басшылығы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері сөз сөйледі.  

Конференция аясында:

  • ТТО объектілердегі террорлық қатерлерге қарсы тұрудың тиімді шараларына;
  • объектілерді инженерлік-техникалық жабдықтау жүйелерін (қоршаулар мен бөгеттер, бейнабақылау, қолжетімділікті бақылау және басқару, дабыл, хабарлау және байланыс, өртті анықтау және сөндіру жүйелері) қолдануға;
  • апаттан құтқару жабдығы мен техникасына қатысты мәселелер қарастырылды.

Қауіпсіздік құралдарын өндірушілер мен жеткізушілер қатысушыларға күш ведомстволары мен күзет қызметінің субъектілерін жарақтандыруға қажетті техникалық құралдар мен жабдықтардың заманауи әзірлемелерін таныстырды.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики