Жаңалықтар

20.11.2017
Терроризммен күрес жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабы өкілдерімен бірлескен жедел-тактикалық оқу-жаттығу

2017 жылғы 17 қарашада «KMG-Security» ЖШС Батыс Қазақстан филиалы «ҚазТрансОйл» АҚ БФ «Орал» ЖӨДС Өнеркәсіптік база объектісінде «Террорлық топ мүшелерінің құқыққа қайшы қызметін болдырмау, жасалған террорлық акт салдарларын азайту және жою жөніндегі арнайы операциялар жүргізу» тақырыбында бірлескен оқу-жаттығуын өткізді.

Жаттығу мақсаты: терроризм актісін болдырмауға тартылған мемлекеттік органдар мен субъектілердің ведомствоаралық өзара әрекеттестігін жетілдіру, сондай-ақ жаттығу қатысушыларының қауіпсіздігі мен моральдық-психологиялық қасиеттерін арттыру. Адам көп жиналатын объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы, осал тұстарды белгілеу, басшылықтың, сонымен қатар оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналдың кәсіби дағдыларын анықтау деңгейін көтеру.

Аталған оқу-жаттығуға Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау және арнаулы органдары, Серіктестіктің БҚФ жеке құрамы кірістірілді. 

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша терроризммен күрес жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабы алға қойылған мақсатқа қол жеткізілгені жайында айтып өтті. 

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики