Жаңалықтар

06.11.2017
Көркем өнерпаздар конкурсы

Тұлғалық және шығармашылық әлеуетті ашу, Қазақстан халықтарының ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына қызығушылықты дамыту, сондай-ақ шығармашылық қабілетті ынталандыру мақсатында 2017 жылғы қазан айының 16-31 аралығындағы кезеңде Серіктестік қызметкерлерінің балалары арасында көркем өнерпаздар конкурсы өткізілді. 

Конкурс екі кезеңде жүргізіліп, оған Қазақстанның барлық облыстарынан Серіктестіктің аймақтық бөлімшелері қызметкерлерінің 8-14 жас аралығындағы 30-ға жуық балалары қатысты.

1-кезең – аймақтық (іріктеу), филиалдарда;

2-кезең – Серіктестіктің филиалдары мен Орталық аппаратының жеңімпаздары арасында жүргізіледі.

Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен номинанттарға бағалы естелік сыйлықтар, құрмет грамоталары мен қатысушы дипломдары табыс етілді.

  • «Үздік жеке ән орындаушысы»:

1-орын – Алдахов Нурсултан Жанибекович – Құлсары филиалы;

2-орын – Тұрсынбек Ұлмира Төлебиқызы – Жамбыл филиалы;

3-орын – Әбілқасымова Айдын Ғалымжанқызы – Қызылорда филиалы.

  • «Үздік би (халық биі) орындаушысы»:

1-орын – Мұхамбетқали Ақмаржан Азаматқызы – Батыс Қазақстан филиалы;

2-орын – Ималатдин Асылай  Ималатдинқызы – Алматы филиалы;

3-орын – Есенкелдықызы Жібек – Астана қ. АКБ.

  • «Әдеби шығарманы үздік мәнерлеп оқу»:

1-орын – Сейілхан Аяжан Нұрланқызы – Оңтүстік Қазақстан филиалы;

2-орын  – Серікбай Меруерт Исақызы – Жаңаөзен филиалы;

3-орын  – Жулдызова Асылжан Дулатовна – Қарағанды филиалы.

Бейне мына сілтеме бойынша көруге болады: www.cloud.mail.ru

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики