Жаңалықтар

10.12.2017
«Royal Dutch Shell» компаниясының өкілдерімен кездесу

2017 жылдың 5 желтоқсанында «KMG-Security» ЖШС басшылығы  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік қауіпсіздік комитеті ұйымдастырып, өткізген «Royal Dutch Shell» компаниясының, Нидерланды, өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізуге ат салысты.

Шақырылған тараптан қатысқандар:  

  • Джеймс Холл – қауіпсіздік істері жөніндегі вице-президент;
  • Мальте Дуис – Еуропа және ТМД елдері бойынша қауіпсіздік жөніндегі аймақтық менеджер;
  • Стив Лидстоун – Ресей, Еуропа және ТМД елдері бойынша қауіпсіздік жөніндегі менеджер;
  • Құралбек Келжанов – Қазақстандағы «Shell» концерні төрағасының орынбасары

Мейлінше таныстыру сипатында өткен іс-шара барысында компанияның қызметі, оның құрылуының тарихи алғышарттары, пайымы мен миссиясы, сондай-ақ әрі қарайғы дамуының басты бағыттары, жүзеге асырылып жатқан және жоспарланып отырған жобалар таныстырылды. Компанияның нарықтағы заңнамалық, сонымен қатар айырма, оның ішінде мамандандыруы мен мұнайгаз кешені объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі зор тәжірибесінің болуы секілді бәсекелестік артықшылықтары белгіленді.

Тараптар мұнайгаз саласындағы әрі ғаламдық ауқымдағы қауіпсіздік деңгейінің ағымдағы жай-күйі, қатерлер мен тәуекелдер туралы пікір алмасты.

Мемлекет тарапынан отын-энергетика кешеніндегі қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шаралар қолданылуының оң серпінін атап өтті. Ықтимал ынтымақтастық жайын сөз етті, оның ішінде тәжірибе алмасу, қауіпсіздік қызметкерлерін кәсіби  оқтыуды өткізу талқыланды.

Қорыта келе, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Royal Dutch Shell» арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қою ұсынылды.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики