Жаңалықтар

03.01.2018
«KMG-Security» ЖШС Қостанай филиалының күзетшісі күзетілетін объектіге жасалған шабуылды тойтарды

2017 жылғы 31 желтоқсан күні сағат 22.00 шамасында бетперделі қос тұлға ақша қаражатын ұрлау мақсатында «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-ға тиесілі күзетілетін АЗС №Т-58 объектісіне шабуыл жасады.

Сеніп тапсырылған объект күзеті бойынша қызметте жүрген «KMG-Security» ЖШС Қостанай филиалының күзетшісі Тимиров Руслан Амангельдинович бейтаныс тұлғалардың заңға қайшы іс-қимылдарына дереу әрекет танытып, қызметтік қаруды қолдана отыра, белсенді қарсылық көрсетті, оның тегеурінін көрген шабуылшылар қылмыс орнынан тайып тұруға мәжбүр болды.

Лауазымдық нұсқаулықты үлгілі атқарғанының, қызметтік қаруды шебер игергенінің арқасында өміріне қетер төнген күзетші Р.А. Тимиров өзін және АЖҚС кассирін қауіпсіздендіріп, тапсырыс берушінің мүлкі мен ақшалай қаражатын сақтап қалды.

«KMG-Security» ЖШС бас директорының бұйрығымен Қостанай филиалының күзетшісі Тимиров Р.А. ақшалай сыйлықақымен марапатталды.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики