Жаңалықтар

20.09.2018
Тапсырыс берушілердің объектілері мен персоналының физикалық қауіпсіздігі мен терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуді тексеру

Серіктестіктің орталық аппараты мен өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдерімен бірлескен жұмыс тобының құрамында ағымдағы жылдың 3-14 қыркүйегі аралығында Қарағанды, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан «ҚазТрансОйл» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС объектілерінің физикалық қауіпсіздігі мен терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін тексерді.

Іс-шара барысында объектілердің физикалық қауіпсіздігі мен терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету, террористік актілер жасау әрекеттерінің және объектілерге өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу, олардың ықтимал салдарын азайту мен жою мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді.

Террористік тұрғыдан осал жекелеген объектілерде ҚР Үкіметінің 03.04.2015 №191 және 07.10.2011 ж. №1151 қаулыларымен бекітілген нормаларға сәйкес, инженерлік-техникалық нығайтылудың белгіленген талаптарын бұзушылықтар анықталды. Оларды жою бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Жалпы, объектілердің көпшілігінде штаттық емес жағдайларда, оның ішінде террористік сипаттағы қауіп-қатерлер туындаған кезде персоналды іс-қимылдарға дайындау тиісті түрде жолға қойылған, тиісті жадынамалар, құралдар, көрнекі үгіт әзірленді, өткізу және объектішілік режим туралы нұсқаулықтар бекітілді, штаттық емес жағдайлар туындаған кезде өндірістік бөлімшелердің, күзет, диспетчерлік қызметтің хабарлау, эвакуациялау, өзара іс-қимыл жасау схемалары бар.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики