Жаңалықтар

27.09.2018
Қазақстан Республикасы күзет ұйымдары қауымдастығы мүшелерінің Астана қаласындағы есеп беру-сайлау жиналысы

2018 жылғы 27 қыркүйекте Астана қаласындағы «Көрме» орталығында болған «Kazakhstan Security Systems» қауіпсіздік және азаматтық қорғау жөніндегі халықаралық көрме-конференцияның аясында Қазақстан Республикасы күзет ұйымдары қауымдастығы мүшелерінің есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Оған «KMG-Security» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары М.С.Жаманбаев қатысты.

Отырыс шеңберінде Қауымдастық президенті А.И.Калининнің атқарылған жұмыстар туралы, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту туралы, «Атамекен» ҰКП-мен бірлескен нормативтік құқықтық актілерді сараптау, халықаралық байланыстарды нығайту, қоғамдық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу және т.б. бойынша ауқымды жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Қауымдастық мүшелерінің ортақ дауысымен Серіктестік бас директорының бірінші орынбасары М.С.Жаманбаев Қауымдастық Төралқасының құрамына қайта сайланды. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының күзет ұйымдары қауымдастығына сіңірген ерекше еңбегі үшін естелік төсбелгісімен марапатталды.

«KMG-Security» ЖШС жеке адамдардың өмірін, денсаулығын және мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін және күзет ұйымдарының қызметкерлері күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің грамотасымен марапатталды (ІІМ Министрінің 18.09.2018 ж. №269 бұйрығы).

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики