Жаңалықтар

28.09.2018
Батыс Қазақстан филиалында біріктірілген менеджмент жүйесінің ішкі аудитін жүргізу

«KMG-Security» ЖШС белгіленген талаптар шеңберінде жыл сайын біріктірілген менеджмент жүйесінің (бұдан әрі – БМЖ) ISO 9001:2015 және  OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарына сәйкестігіне растаудан өтеді.  

 Сертификаттауды тарату саласын кезең-кезеңмен кеңейтуді ескере отырып, 2018 жылға арналған аудиттердің бекітілген жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 19-21 қыркүйегі аралығында Серіктестіктің Батыс-Қазақстан филиалында ішкі аудит жүргізілді. Тапсырыс берушілердің күзетілетін өндірістік объектілері, құжаттардың болуы және дұрыс жүргізілуі, БМЖ рәсімдеріне сәйкестігі тексерілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында Батыс Қазақстан филиалының директоры мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманы  ішкі аудиторларға арналған өтпелі курс бойынша оқудан өтті және емтиханды сәтті тапсырды.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики