Жаңалықтар

29.10.2018
Күзет ұйымдарының қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Қазақстанның күзет қоғамдастығы 2018 жылғы 29 қазанда алғаш рет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысымен бекітілген мерекелік күндер тізбесіндегі кәсіби мереке – күзет ұйымдарының қызметкерлері күнін атап өтуде.

«KMG-Security» ЖШС қызметкерлері күзетілетін объектілер мен тапсырыс берушілердің мүлкін қылмыстық қол сұғушылықтан сенімді қорғайды, терроризмге қарсы қорғауды күшейту бойынша міндеттерді шешеді, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысады.

Серіктестік өзінің 17 жылдық қызметі барысында күзет персоналының шебер және кәсіби іс-әрекетінің, дабыл сигналдарына жедел әрекет етуінің, күзетілетін объектілерді сенімді қорғауының арқасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының еншілес және тәуелді ұйымдары арасындағы тапсырыс берушілерінің сеніміне ие болды.

«KMG-Security» ЖШС басшылығы баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қажырлы еңбектеріңіз, жоғары кәсіпқойлықлықтарыңыз және өз істеріңізге берілгендіктеріңіз үшін алғыс білдіреді.

Сіздерге бүгін барлық жақсылықтар: бақыт, денсаулық, махаббат, материалдық игіліктер және де, әрине күнделікті міндеттерді орындау кезінде қырағылық тілегіміз келеді.

Құрметпен, «KMG-Security» ЖШС ұжымы

 

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики