Жаңалықтар

25.12.2018
Басқарма төрағасының қауіпсіздік мәселелеріне арналған жолдауы

2018 жыл аяқталуға жақын және мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып сіздердің әрқайсыларыңызға іске адалдықтарыңыз, ҚазМұнайГаздағы ынталы еңбектерініз, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету  мәселелеріне шынайы берілгендіктеріңіз үшін  алғыс  айтқым келеді. «Самұрық қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқара жүріп 2018 жылы ҚазМұнайГаз-дың қауіпсіздік саласында қандай тамаша нәтижелерге қол жеткізілгенін байқадым. Компания тарихында алғаш рет 12 ай ішінде еңбек қызметімен байланысты қазалы оқиғалар бойынша НӨЛДІК көрсеткішке қол жеткізілді. 2017 жылмен салыстырғанда жұмыс уақытын жоғалтумен (еңбек қызметіне байланысты жарақат салдарынан бір күннен астам мерзімге)  жазатайым оқиғалардың саны 35% төмендеді. Осының бәрі Компанияда жыл өткен сайын қауіпсіздік мәдениетінің артқанын және нығайғанын куәландырдырып отыр. Және де осы үшін барлықтарыңызға өз алғысымды білдіргім келеді. 

Дегенмен, өкінішке орай, 2018 жыл жазатайым жағдайлар мен оқиғаларсыз болмады - өндірісте оқыс оқиғалар әлі де болса орын алуда. Біз әрқашан компанияның және мердігер ұйымдар қызметкерлерінің әрбірі жұмыстан үйлеріне аман-есен оралғанын қалаймыз! Біз өз мақсатымыз - 100% қауіпсіздікке толығымен қол жеткізу жолында толассыз жұмыс жасай береміз!

Қызметкерлеріміздің, мердігерлердің және халықтың денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жігерлі жұмысымыз «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның ұзақ мерзімді және табысты бизнесінің негізін қалаушы фактор болып табылады. Біз негізгі құндылықтарымызды және  тұтастық пен жоғары өндіріс стандарттарына адалдығымызды бөлісетін кадрлық әлеуетті  тарту, дамыту және сақтау арқылы қауіпсіздік мәдениетін ұдайы ілгерілететін боламыз.

Компанияда қауіпсіздік жөніндегі қағидалар, рәсімдер мен стандарттардың бірқатары әзірленді және енгізілді. Үлкен жұмыстар атқарылды, алайда бұл жеткіліксіз. Біз ұжымымыздың барлық деңгейлерінде қауіпсіздік құндылығы енгізілген, сондай-ақ ҚМГ объектілерінде жұмыс жасайтын әрбір адамның мінез-құлық мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылатын мәдениетке қол жеткізуге деген ұмтылысымызды жалғастыра беруіміз керек. Бұл құндылық жұмыс орнынан кеткен кезде де өзгеріссіз  қалып, сіздің жеке өміріңіздің бір бөлігіне айналуы тиіс. Өйткені қауіпсіздік мәдениеті – ойлау, қарым-қатынас және мінез-құлық түрін қалыптастыратын жазылмаған нормалар мен стандарттар жиынтығы.

Қауіпсіздікті ұстану басшылықтан басталады. Алайда басшылық мәдениеттің жаппай енгізілуін жалғыз өзі қамтамасыз ете алмайды.

Мен сіздердің әрқайсыларыңыз қауіпті жағдайларды немесе әрекетті көрген кезде ол жөнінде ашық айтасыздар, ал сіз жүгінген адам, мейлі ол міндетті орындайтын қызметкер не басшы болсын, сізге жұмысты қауіпсіз орындауыңыз үшін тиісті жабдықтармен және оқытумен қамтамасыз етуге  құлақ асады деген ойдамын. Осы бұлжымастық мені қоса алғанда, ҚМГ-ның барлық қызметкерлеріне қатысты.

Біздің мақсатымыз - барлық қызметкерлеріміз қауіпсіздік  үшін жеке жауапкершілікті сезінетін, талаптар тек сақталып қана қоймай, әркім қауіпсіздік техникасы жағдайын жақсартуға ұмтылатын атмосфера орнаған мәдениетті кұру.

Қауіпсіздік мәдениетін құру - соңғы аялдамасы жоқ жол. Біз ешқашан қол жеткізген жетістіктерімізбен шектелмеуіміз керек. Шындығында, бұл жолда үнемі алға қарай  жылжу өзін-өзі тәрбиелеуге жетелеп, бізді қауіпсіздік туралы үнемі алаңдауға, оны жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға итермелейді. Ендеше Қазақстандағы және мұнай-газ саласындағы ең үздік компания болайық. Сондай-ақ, қауіпсіздік көрсеткіштерін одан әрі және тұрақты жақсартуға ұмтылайық!

Істеріңізге адалдықтарыңыз бен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметінің тиімділігін арттыруға және қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсартуға қосқан үлестеріңіз үшін тағы да алғысымды білдіре отырып Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға қауіпсіз, салауатты және табысты 2019 жылды тілеймін.

А.С. Айдарбаев
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Басқарма төрағасы

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики