Жаңалықтар

22.02.2019
«KMG-Security» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасын тағайындау туралы

Жалғыз қатысушы – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2019 жылғы 15 ақпандағы шешімімен «KMG-Security» ЖШС Қадағалау кеңесінің мүшесі  Құрман Исламұлы Елюбаевтың өкілеттігі оның басқа жұмысқа ауысуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Дәл осы шешіммен «KMG-Security» ЖШС Қадағалау кеңесі үшін  жалпы белгіленген өкілеттік мерзіміне Серіктестік Қадағалау кеңесінің жаңа төрағасы - Тұрысбек Жүнісбайұлы Әлиасқаров сайланды.

Әлиасқаров Тұрысбек Жүнісбайұлы

Туған жылы: 1961 жылғы 23 сәуір

Білімі: «Экономист» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген (1986 ж.).

Минск қаласындағы КСРО МҚК жоғары курстарын тамамдаған, «Жоғары арнайы білімі бар офицер» (1990 ж.).

Әскери атағы – Генерал-майор

Кәсіби қызметі: КСРО Қарулы Күштері (1979-1981 жж.).

  • 1986 жылдан - Қазақ КСР Автомобиль жолдары министрлігі «Қазжолжоба» МЖИ инженер-экономисі.
  • 1990 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етті, басшы құрамның түрлі лауазымдарын атқарды. ҚР ҰҚК-нің Қызылорда облысы бойынша (2002 ж.), Ақтөбе облысы бойынша (2006 ж.) департаменттерін басқарды.
  • 2017 жылдан бастап  –  ҚР ҰҚК запасында.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – 2-ші дәрежелі «Айбын» орденімен, ҚР мерейтойлық медальдарымен, ҚР ҰҚК және шет елдердің арнайы қызметтерінің ведомстволық медальдарымен және наградаларымен марапатталған.

2018 жылғы 28 маусымнан – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның  кешенді қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры.

2019 жылғы 11 қаңтардан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі директоры.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики