Жаңалықтар

02.05.2019
«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметі (ЕҚОҚ) директорларының 20-шы мерейтойлық кеңесі

2019 жылғы 29 сәуірде Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» (бұдан әрі-ҚМГ) компаниялар тобының еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметі (ЕҚОҚ) директорларының 20-шы мерейтойлық кеңесі өтті. Іс-шараға 140-тан астам қызметкер, оның ішінде «KMG-Security» ЖШС Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің бастығы С.М. Қанафеев қатысты.

Кеңес жыл сайын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың ағымдағы жай-күйін бағалау, оларды одан әрі жетілдіру, жалпы проблемаларды талқылау және оларды шешу үшін ұсыныстар әзірлеу мақсатында өткізіледі.

ҚМГ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры Винсент Спинелли соңғы 4 жылдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау көрсеткіштері бойынша 2018 жылдың ең үздік болғанын атап өтті. 2017 жылмен салыстырғанда адам өліммен аяқталған оқиғалар саны 80% - ға азайған, жарақаттану 32% - ға төмендеген, ірі (өмірлік маңызды) жарақаттану оқиғалары 57%-ға азайған, жол-көлік оқиғалары себебінен жарақаттану 47% - ға азайған, өрт саны өткен жылмен салыстырғанда 54%-ға азайған.  Жалпы алғанда, ҚМГ компаниялар тобындағы оқиғасыз өткен күндердің (қызметкерлерге, компания активтеріне және қоршаған ортаға зиян келтірілмеген күндер) саны 2014 жылғы 96-дан 2018 жылы 207-ге дейін артқан.  

Кеңес барысында 2019 жылға арналған жоспарлар анықталды. Еңбекті қорғау саласында жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің алдын алу мәдениетін қалыптастыру және еңбектің қауіпсіз емес жағдайларын айқындау жөніндегі жұмыс алдағы уақытта да жалғаса бермек. Сонымен қатар, ағымдағы жылы мердігерлік ұйымдарға және олардың ЕҚОҚ нормаларын сақтауына айрықша бақылау орнату жоспарлануда.

 

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики