Жаңалықтар

08.05.2019
«КMG-Security ЖШС-ның «Үздік маман» конкурсы

2019 жылғы 4 мамырда «KMG-Security» ЖШС Ақтөбе филиалының базасында Серіктестіктің батыс өңіріндегі филиалдарының өндірістік персонал қызметкерлері арасында «Үздік маман» конкурсы өтті.

Конкурстың өткізілу орны етіп Ақтөбе қаласының таңдалғаны кездейсоқ емес. Серіктестік күзететін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ компанияларының негізгі активтері мен аса маңызды объектілері елдің дәл осы батыс өңірінде шоғырланған. Өндірістік цикл үздіксіздігі, объектілерде құқыққа қарсы көріністерге және төтенше жағдайларға жол бермеу олардың физикалық күзетінің қаншалықты кәсіби және сапалы ұйымдастырылуымен тікелей байланысты.

Мұндай іс-шаралар Серіктестікте тұрақты негізде өткізіп тұрады және ең алдымен, қызметкерлер ынтасын, күзетші мамандығының беделін арттыруға, сондай-ақ кәсіби шеберлікті жетілдіруге және күзет персоналының дайындық деңгейін анықтауға бағытталады.

Конкурсқа 200 адам қатысты және де олар Ақтөбе, Атырау, Жаңаөзен, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Құлсары және Қызылорда филиалдарының үздік өкілдері.

Жарыс төмендегі номинациялар бойынша ашық әрі адал түрде  өткізілді:  

  • «Үздік күзетші»;
  • «Үздік жүргізуші»;
  • «Үздік объект күзетінің басшысы».

Қатысушылар өздерінің кәсіби білімдерін, атыс дайындығын, жұмылдырылған топ құрамындағы практикалық жұмыс дағдыларын тексеру арқылы жарысты.

Конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаздарға 1,2,3 дәрежелі  дипломдар табысталып, ақшалай сыйақы берілді. Қалған қатысушылардың барлығы жұбаныш сыйлықтарын алады.

«КMG-Security» ЖШС-ның «Үздік маман» конкурсы жеңімпаздарының тізімі

Номинация

Қызметкердің аты-жөні

Филиалы

Көтермелеу түрі

"Үздік объект күзетінің басшысы"

Қожаниязов Тұрсынбек Амангелдіұлы

Маңғыстау филиалы

1 дәрежелі диплом

Жүндібаев Бекболат Итенұлы

Құлсары филиалы

2 дәрежелі диплом

Оразбаев Серік Көбенғалиұлы

Ақтөбе филиалы

3 дәрежелі диплом

"Үздік күзетші"

Керек Қалдыбай Жақсыбайұлы

Ақтөбе филиалы

1 дәрежелі диплом

Зинуллин Қанат Ғайноллаұлы

Құлсары филиалы

2 дәрежелі диплом

Ходжабеков Нұрлан Жанұзақұлы

Маңғыстау филиалы

3 дәрежелі диплом

"Үздік жүргізуші"

Өржанов Ербатыр Сардарбекұлы

Қызылорда филиалы

1 дәрежелі диплом

Шуиншалин Қалдыбай Жылқайдарұлы

Ақтөбе филиалы

2 дәрежелі диплом

Сәлімбаев Николай Батырбайұлы

Батыс Қазақстан филиалы

3 дәрежелі диплом

 Аталмыш іс-шара «Күзет қызметкерлерінің кәсіби одағы» кәсіподақ ұйымының қолдауы мен көмегінің арқасында ұйымдастырылғанын және «Отан қорғаушылар күні» мемлекеттік мерекесіне орайластырылғанын атап өткіміз келеді.

Осындай конкурсты екінші жарты жылдықта Серіктестіктің оңтүстік, солтүстік және орталық өңірлеріндегі бөлімшелерінің қатысуымен өткізу жоспарланған.  

Серіктестік басшылығы мінсіз және адал еңбек етіп, кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығының арқасында компания дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін жарысқа қатысушыларға алғыс білдірді.  

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики