Жаңалықтар

25.05.2019
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жеке күзет ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесуі

2019 жылғы 24 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевтың  Қазақстанның күзет ұйымдары қауымдастығының президенті Анатолий Иванович Калининмен және жеке күзет ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуде ішкі істер органдары қызметкерлерінің күзет ұйымдары қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті сақтаудағы өзара іс-қимыл жасауы жөніндегі мәселелер қаралып, күзет қызметі саласында заңнаманы жетілдіру туралы талқыланды.   

Министр атап өткендей, күзет ұйымдары құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен азаматтардың мүдделерін қорғау мәселелерінде полициямен өзара іс-қимыл жасау тиімділігін арттыруға әлеуетті. Бұл, ең алдымен, күзет қызметі саласындағы технологиялардың дамуымен байланысты болып табылады.   

Қазіргі уақытта ІІМ бірқатар заңнамалық реформалар жүргізіп жатыр, оларды іске асыру күзет қызметін дамытуға да қызмет етеді. Атап айтқанда, Ішкі істер органдарын жаңғырту Жол картасын іске асыру шеңберінде бүгінде полиция күзететін объектілердің едәуір санын жеке күзетуге беру мәселесі пысықталуда.  

Бұдан бөлек, ІІМ Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, нормативтік-құқықтық актілерге бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде оларды ұйымдастырушылардың қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жеке күзет құрылымдарының қызметкерлерін тарту міндеттерін енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілуде.    

Бірлескен талқылау  қорытындысы бойынша Ерлан Тұрғымбаев пен Анатолий Калинин Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Е. Тұрғымбаев: «Меморандумға қол қою арқылы біз елдегі құқықтық тәртіпті сақтау жұмысын жалғастыруға және осы мақсатқа жету үшін тиімді өзара іс-қимыл жасауға өзара ниеттестігіміз туралы міндеттеме  аламыз», - деп, жиналысты  қортындылады.  

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
МунайТас
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
АО "Интергаз Центральная Азия"
AGP
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «Казахстанско-Китайский трубопровод»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ
сайт статистики