Жаңалықтар

29.10.2021
«Үздік маман 2021» конкурсы

2021 жылғы 20-22 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Семсер» мамандандырылған оқу орталығының базасында төмендегі номинациялар бойынша «KMG-Security» ЖШС-ның «Үздік маман» атты жыл сайынғы конкурсы өткізілді:

  • «Жұмылдырылған топтың үздік жүргізушісі»
  • «Еңбекті қорғау бойынша үздік білімі үшін»

Конкурсты өткізудегі негізгі мақсат: қызметкерлердің кәсіби шеберлігін, құбырлардың күзетілетін учаскелерін патрульдеу кезіндегі техникалық-тактикалық даярлық деңгейлерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы, оның ішінде зардап шегушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету тәсілдері бойынша білімдерін арттыру, сондай-ақ практикалық білім мен жұмыс дағдыларымен алмасу болып табылады.

Конкурсқа Серіктестіктің әр филиалынан үміткер ретінде жіберілген айрықша көзге түскен 20 қызметкер қатысты.

«Жұмылдырылған топтың үздік жүргізушісі» номинациясының жеңімпаздары болғандар:

 

 

 

1-дәрежелі диплом
Владлен Юсупович Уразбаев
(Павлодар филиалы)

2-дәрежелі диплом
Бердібек Ануарбекұлы
(Оңтүстік Қазақстан филиалы)

 3-дәрежелі диплом
Дидар Тунгатович Елеуов
(Батыс Қазақстан филиалы)

   

 «Еңбекті қорғау бойынша үздік білімі үшін» номинациясының жеңімпаздары болғандар:

 

1-дәрежелі диплом

Ербатыр Сардарбекұлы Өржанов

(Қызылорда филиалы)

2-дәрежелі диплом

Максат Довлеткалиевич Базарбаев

(Маңғыстау филиалы)

 

3-дәрежелі диплом

Мейрамбай Жайлаубаевич Жалгасбаев

(Құлсары филиалы)

Кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздарына көтермелеу ретінде бірінші орын үшін 40 АЕК, екінші орын үшін 30 АЕК және үшінші орын үшін 20 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы төленді. Сонымен қатар, жүлделі орындарға ие болмаған барлық қатысушыларға 10 АЕК көлемінде сыйақы берілді.

Іс-шараның соңында бас директордың бірінші орынбасары (Басқарма мүшесі) М.С. Жаманбаев сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға кәсібиліктері  мен қызметтік міндеттеріне адалдықтары үшін алғыс білдіре келе, оларға оптимизм, алдағы жұмыстарына табыс, дендеріне саулық және отбасыларына амандық тіледі.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики