Жаңалықтар

01.09.2022
Қазақстан Республикасы мұнай газ кешені қызметкерлерінің күнімен

Құрметті әріптестер!

«KMG-Security» ЖШС орталық аппаратының басшылығы мен бүкіл ұжымының атынан Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен ең жылы құттықтауымызды қабыл алыңыздар.

Осы кәсіби мереке қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік орталығында салтанатты іс-шара өтті, онда ұлттық мұнай-газ холдингінің басшысы М.М. Мырзағалиев құттықтау сөз сөйледі.

Еншілес және тәуелді ұйымдардың ерекше көзге түскен қызметкерлері салалық наградалармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Мысалы, жемісті еңбегі мен мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құрмет грамотасына құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Е.Е. Ибраимов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның құрмет грамотасына ұйымдастыру-бақылау жұмысы және іс жүргізу департаментінің директоры А.В. Шарпак ие болды.

Бұдан басқа, ҚМГ еншілес ұйымдары объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымдық міндеттерін адал орындағаны және кәсібилігі үшін Серіктестіктің өңірлік бөлімшелерінің 14 қызметкері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік төс белгілерімен және ҚР Энергетика министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталды:

Калкаман Казтаевич Каримханов - Қарағанды филиалының менеджері;

Рауан Ермекбаевич Ибадуллаев - Атырау филиалының аға күзетшісі;

Жанболат Нурболатович Калыбаев - Ақтөбе филиалының мобильді тобының жүргізушісі;

Архат Газизович Мусулманкулов - Алматы филиалының аға күзетшісі;

Абзал Суенишович Шуншибаев - Қызылорда филиалының күзетшісі;

Кайрат Дарханович Мырзахметов - Оңтүстік Қазақстан филиалының аға күзетшісі;

Ерболат Кабылович Калиев - Батыс Қазақстан филиалының аға күзетшісі;

Муслим Кыдыргалиұлы Бижанов - Құлсары филиалы мобильді тобының аға күзетшісі;

Ержан Каиржанович Гельмединов - Павлодар филиалы мобильді тобының жүргізушісі;

Бекбаулы Алиұлы Шаңдыев - Маңғыстау филиалының аға күзетшісі;

Денментбай Утегенович Мунайтбасов - Маңғыстау филиалының учаске бастығы;

Сауле Асановна Утесинова - Жаңаөзен филиалының күзетшісі;

Бакит Бухарбаевич Курманов - Жаңаөзен филиалының аға күзетшісі;

Болдыбек Избанович Хисин - Атырау филиалының күзетшісі.

 

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики