Жаңалықтар

08.09.2022
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ЕТҰ бас директорларының VII-жыл сайынғы Форумы

2022 жылғы 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ЕТҰ бас директорларының «Өндірістік қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық. Жаңа сын-қатерлер мен тәсілдер» тақырыбында Жетінші жыл сайынғы форумы (бұдан әрі-Форум) болып өтті, оған ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері және Басқарма мүшелері қатысты.

Форум ҚМГ компаниялар тобы қатысатын өңірлерде өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы маңызды мәселелерге арналды.

Форумға қатысушыларды құттықтай отырып, ҚМГ Басқарма төрағасы М.М. Мырзағалиев адамдар - компанияның ең жоғары құндылығы екенін, сондай-ақ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мақсаттар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2031 жылға дейінгі жаңартылған даму стратегиясымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

ЕТҰ басшыларына «бес нөл» қағидаларына: жазатайым оқиғалар, аурулар, ластану, қысым көрсету, хабардар болмаудың нөлдік қағидаларына құрылған 5Z мәдениетін енгізу арқылы «Vision Zero» нөлдік жарақаттанудың халықаралық тұжырымдамасы таныстырылды.

Форум шеңберінде 2021 жылдың және ағымдағы жылдың 7 айының қорытындылары шығарылып, өз бағыты бойынша барынша табысты және артта қалған кәсіпорындар тобы аталды, сондай-ақ ҚМГ-ның «HSE тиімділік дөңгелегінің» корпоративтік моделі көрсетілді, онда оқиғалардың нөлдік деңгейіне қол жеткізу үшін ЕТҰ жүйелі жұмыс істеуі тиіс 12 бағыт визуалды түрде ұсынылды.

Іс-шараның соңында өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктері үшін марапаттау рәсімі өткізілді, сөз соңында форумның барлық қатысушыларын - жүйелі корпоративтік қауіпсіздік мәдениетін құру мақсаты біріктіретіні айтылды.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики