Жалпы ақпарат

«KMG-Security» ЖШС (бұрынғы «Semser Security», «Семсер») компаниялар тобы күзет қызметі субъектісі ретінде Қазақстан Республикасының күзет қызметі нарығында 2000 жылдан бастап қызмет көрсетуде және мұнайгаз саласы нысандарының кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Компания 2000 жылы Қазақстанның үздік мұнайгаз кәсіпорындарының бастамасы бойынша құрылды, бұл еліміздің мұнайгаз секторының қауіпсіздігі мәселелерінің өзектілігімен және маңыздылығымен шартталған болатын әрі одан кейінгі кезде компания қызметінің басты бағытына айналды (26.09.2001 ж. №1240 ҚРҮҚ).

2001 жыл - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1240 қаулысымен мұнай газ секторы объектілерінің және осы салада қызмет ететін заңды және жеке тұлғалардың кешенді қауіпсіздігін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылған «Семсер» жабық акционерлік қоғамына (ЖАҚ) жүктелді.

2002 жыл - Қазақстан Республикасының 11 (он бір) облысында «Семсер» ЖАҚ филиалдары ашылды.

2005 жыл - «Семсер» ЖАҚ «Семсер» акционерлік қоғамына (АҚ) қайта құрылды, 100% акционері ретінде «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі" АҚ болып табылды.

2006 жыл - еншілес кәсіпорыны — «Семсер — Өрт сөңдіруші" ЖШС құрылды, «Семсер» АҚ салалық өртке қарсы қызметінің құқықтық иеленушісі болып табылады.

2007 жыл - мұнай газ секторы қауіпсіздігінің мәселесі жоғары маңыздылық дәрежесіне ие болды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - Семсердің Жалғыз акционері болып табылды.

2008 жыл - «Семсер» АҚ «Semser Security» ЖШС қайта құрылды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Жалғыз қатысушысы болып табылады.

2014 жыл - «Semser-Security» ЖШС-ның фирмалық атауы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобына қатыстылығы ескеріле отырып Жалғыз қатысушының 2014-шешімімен «KMG-Security» ЖШС деп өзгертілді.

Қазіргі таңдағы «KMG-Security»

Қазіргі уақытта «KMG-Security» компаниялар тобы өз клиенттерінің заңды құқығы мен мүдделерінің, кәсіпкерлік пен жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтердің кең спектрін көрсететін көп салалы компания, кәсіпорын.

Жалғыз қатысушы болып «ҚазМұнайГаз»Ұлттық компаниясы »АҚ табылады.

«KMG-Security» өз қызметінің басты көлемін көмірсутегі шикізатын барлаумен, өндірумен және тасымалдаумен, сонымен қатар мұнай өнімдерін сақтаумен, қайта өңдеумен және өткізумен айналысатын ұйымдарға көрсетеді.

«KMG-Security» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитетімен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен, Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдарымен,тапсырыс берушілердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметімен тығыз әрекет етеді.

Компания Қазақстан Республикасының Күзет ұйымдары Ассоциациясының құрылтайшысы болып табылады және онымен бірге мемлекеттік емес күзет құрылымдарының жұмыс жасауын реттейтін заңнаманы жетілдірумен айналысуда.

«KMG-Security» компаниялар тобы бөлімшелерінің штатында Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін 6 мың шақырымнан астам магистральдық мұнай құбырларының қауіпсіздігін ұйымдастырып, қамтамасыз ететін, сондай-ақ күрделілігі әртүрлі 300-ден астам өндірістік және әкімшілік объектілерде күзет-режимдік, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және өзге де іс-шараларды жүзеге асыратын  4600-ден астам кәсіби қызметкер жұмыс істейді.

«KMG-Security» компаниялар тобының бөлімшелері өз менеджментін, оның сапасын әлемдік стандарттар деңгейінде қамтамасыз етіп, қарқынды жақсартуда.

Компания дамуының перспективалық бағыттары

1. Төмендегілерге бағытталған бизнес-процестерді жақсарту есебіненқызметтер көрсетудің жаңа сапалық деңгейіне көшу:

  • тапсырыс берушілердің материалдық және материалдық емес активтеріне криминалдық, террористік, техногендік және табиғи сипаттағы әсер ету қауіптері мен тәуекелдері деңгейінің төмендеуі
  • персонал, өндіріс және қоршаған орта үшін дағдарысты жағдай салдарларынан болатын залалды азайту;
  • бірегейлендірілген (автоматтандырылған) инженерлік-техникалық жүйелер мен кешендерге адам ресурстарын тиімсіз пайдаланудан көшу жолымен адам факторын азайту және объектілерді күзету сапасын арттыру;

2. HR-басқарудың заманауи механизмдерін қайта қарау және енгізу:

  • персоналдың кәсіби және әлеуметтік дамуының, қызметкерлерді ұтымды уәждемелік ынталандырудың тиімді жүйесін құру;
  • күзет қызметкерлерінің кәсіби дайындығына қойылатын біліктілік талаптарын енгізу, экономика және IT технологиялар салаларында арнайы білімі мен тәжірибесі бар мамандарды, өндірістік цикл мамандарын жұмысқа тарту;
  • күзет ұйымы құрылымының оңтайлы моделін құру, оны атқарымдық қамтамасыз ету;

3. Төмендегілерге бағытталған қауіпсіздіктің ұйымдық құрылымын жетілдіру:

  • обеспечения беспрерывности производства за счет повышения эффективности организации охраны, оперативного управления и контроля, экстренного реагирования на кризисные ситуации техногенного и криминального характера;

4. Компанияның имиджін жақсарту және оған клиенттер мен серіктестердің сенімін арттыру

Қызметті ұдайы жетілдіру, бизнестің барлық салаларында серіктестік қарым-қатынасты өрістету, қауіпсіздік нарығындағы жағымды имиджді ұстап тұру «KMG-Security» ЖШС-ның визит карточкасы болып табылады..

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики