Тұжырымдама

2012-2015 жылдарға арналған

«KMG-Security» ЖСШ еңбекті қорғау мен қауіпсіздік саласындағы қызметті жақсарту және дамыту тұжырымдамасы

Кіріспе

  1. Компаниядағы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігінің ағымдағы жағдайы мен саралау.
  2. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесін дамытудың мақсаттары, міндеттері мен басым бағыттары.
  3. Еңбекті қорғаудың озық тәжірибесін енгізу
  4. Еңбекті қорғауды басқару жүйесін (бұдан әрі - ЕҚБЖ) дамыту және жетілдіру
  5. Қызметкерлерді оқыту және кәсіби тәжірибесін арттыру
  6. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету
  7. Тұжырымдаманың механизмі мен жүзеге асыру мерзімдері
  8. Тұжырымдаманың механизмі мен жүзеге асыру мерзімдері

КІРІСПЕ

Еңбек қауіпсіздігі ұғымымен қызметкердің, еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерлерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қорғалу жағдайы түсініледі.

Қауіпсіз еңбек жағдайларына жұмыс беруші жасаған, қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын немесе олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын еңбек жағдайлары жатады.

Бұл ретте өндірістік құрал- жабдықтардың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың ол тапсырылған функцияларды нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасымен белгіленген жағдайларда орындаған кезде еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.

Өндірістік үрдістің қауіпсіздігі- өндірістік үрдістің нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген шарттарда еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі.

Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы негізгі қағидалар:

  1. өндірістік қызметтің нәтижесіне қатысты қызметкерлер өмірі мен денсаулығының басымдылы;
  2. қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік фактордың зиянды әсерінің орны толмас зардабын болдырмау ;
  3. ішікі актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында бірегей талаптар қою;
  4. қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелерін өндірістік реттеу
  5. уәкілетті орган мен оның территориалды бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы үйлесімді іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;
  6. қауіпсіздік пен еңбеті қорғау жағдай туралы ақпараттың жариялғы, толықтығы және дұрыстығы;
  7. қызметкерлер өкілдерінің қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша ведомстволық бағдарламалар қалыптастыруға, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау нормалары бар ішкі актілерді әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қауіпсіздік пен еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізуге қатысуы.

«SEMSER SECURITY» ЖШС (бұдан әрі-Серіктестік) еңбек қызметі үрдісінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сонымен қатар қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында саясаттың негізгі қағидаларын орнатуға бағытталған еңбекті қорғау саласындағы қатынастарды реттеу қазіргі уақыттың басты мәселесі.

Серіктестік өз дамуының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес қызметкерлері үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын құруға тырысады, бұл жағдай компаниядан еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жаңа қағидалы концептуалды қатынасты құру мен қолдануды талап етумен қатар алдыңғы қатар тәжірибесі мен аталған салада халықаралық тәжірибені ескере отырып құруы мен қолдануы да талап етіледі.

Осы Тұжырымдама жоғарыда аталған факторларды ескере отырып әзірленді және еңбекті қорғау тиімділігі мен Компания қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейту және дамытудағы нақты мақсаттар мен келешегі бар бағыттарды қамтиды.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың заманауи даму тенденцияларын, сонымен қатар осы саладағы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ айқындаған басты бағыттарды ескереді.

Осы құжат Серіктестікте қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша бұдан арғы барлық ішкі стандарттарын жасақтау мен қабылдаудың негізгісі болуы керек.

1.Компаниядағы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жағдайының қазіргі қалпы мен оны саралау

Серіктестік 2001 жылы құрылды және қазіргі уақытта ұйымдары кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кең ауқымды қызмет түрлерін көрсететін салалы холдингті компания.

Серіктестік қызметі төмендегілерге бағытталған:

  1. «ҚазМұнайГаз»ҰҚ» АҚ активтерін заңға қайшы әрекеттер мен жаңадан төнген, сонымен қатар лаңкестікпен байланысты, қауіп-қатерден қорғаудың тиімді жүйесін құру;
  2. «ҚазМұнайГаз»ҰҚ» АҚ активтерін заңға қайшы әрекеттерден қорғауды қамтамасы ету саласында бірыңғай саясат құру;
  3. құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу және болдырмау, мүмкін зиянды барынша азайту үшін Қазақстан Республикасының Заңнамасына, озық халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру мақсатында «ҚазМұнайГаз»ҰҚ» АҚ корпоративтік қауіпсіздік жүйесін құруға, басқаруға және жетілдіруге бірыңғай стандарттар әзірлеу және енгізу.

Қолданыстағы ережеге сәйкес Серіктестік тек қане «ҚазМұнайГаз»ҰҚ»АҚ мен онымен аффилиирленген заңды тұлғалар үшін күзет қызметін көрсетеді.

Серіктестіктің құрамы барлық аумақтарда Компанияның өндірістік қызметін іске асыратын 14 аумақтық бөлімшеден тұрады.

Қазіргі уақытта «KMG-Security» компаниялар тобына(бұдан әрі-Компания) кіреді:

  • «KMG-Security» ЖШС;
  • «Семсер - Өрт Сөндіруші»ЖШС;
  • «Семсер» Арнаулы оқу орталығы» ЖШС.

Компания штатында 7500 ден астам кәсіби күзет, өрт сөндіру қызметі қызметкерлері мен техникалық мамандар жұмыс жасайды, олар арқылы өндірістік және техногенді, өрт қауіпсіздігі жағынан 40-тан артық нысан өрт күзеті қызметімен қамтылған өндірістік қиындықтың әртүрлі деңгейіндегі 550 нысандағы күзет- режимдік іс-шаралар қамтамасыз етіледі .

Серіктестік қызметкерлерінің жұмыс ерекшелігі қылмыстық көріністері бар заңға қайшы қауіп-қатерлермен, апаттарды жоюмен, табиғи және техногенді төтенше жағайлармен тығыз байланысты. Бұл ретте көптеген қызметкерлер өз кәсіби жұмыстарының шама-шарқына қарай психологиялық шиеленіс пен экстремалды тәуекел жағдайында болады.

Серіктестік тарапынан қызметкерлердің функционалды еңбек міндеттерінің артқарылуы үшін тиімді жағдай жасауға маңызды күш салынуда.

Ол үшін қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға негізделген Серіктестіктің еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саладағы Саясаты шеңберінде бөлімшелерде аталған әлеуметтік-еңбек қатынастары саласын реттейтін нормативтік құқықтық база құрылды. Еңбекті қорғауды басқарудың деңгейі мен құрылымы анықталды. Осы салада ұйымдастырушылық және білім беру сызбалары белгіленіп, жүзеге асырылуда. Әр жұмыс орнында еңбек туралы заңнаманың сақталуына қажет бақылау жүргізіледі. Қаржыландыру жүргізіледі.

Сонымен бірге, әрекет ететін еңбек қорғауды басқару жүйесі бұдан әрі жетілдіруді талап етеді.

Азайту үрдісіне қарамастан, жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер арасындағы кәсіби сырқат саны бұрыңғыша айтарлықтай.

Әсіресе бұл жағдайда қызметкерлердің жарақаттануымен байланысты персоналмен көлікте орын алған оқиғалар ерекше қиын.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесін талдау әкімшілік, құқықтық, ұйымдастырушылық тәсілдермен қатар еңбекті қорғауды басқарудың экономикалық тетігін барынша белсенді қолдану қажеттілін көрсетеді.

Еңбекті қорғау еңбек үрдісі кезіндегі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету жүйесі ретінде әлеуметтік – экономикалық жай-күйден бөлініп қарастырылмайды, себебі ол экономиканың, негізгі қорлардың, қоршаған ортаның қазіргі заманғы жай-күйімен, емдеу-сауықтыру қызметінің деңгейімен, қызметкерлердің жеке және ұжымдық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етумен, білім беру мен оқытудың сапасымен, ғылыми және ақпараттық шамасымен тығыз байланысты.

Осыған орай дамудың заманауи кезеңінде еңбек күзетінің барлық деңгейі саласында, ал ең бастысы өндірістегі жай- күйі мен еңбекті қорғаудың бейнесін беретін басты үдерістерді болжау әдісін құру мен енгізу бағытындағы шешімдердің экономикалық және алдын алу бағыттарын күшейту талап етіледі.

Қазіргі уақытта белсенді жұмыс атқарылып, дамудың ұзақ мерзімді стратегиясы көрініс алған басымды бағыттар арасында персоналдың қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайына, қызметкерлердің даярлық сапасының жақсаруына, олардың жұмыс атқаратын жерлерінде қажетті жағдайлардың жасалуына, материалдық -техникалық қорды нығайтуға, алдын алу шарасын арттырып, ал бөлімшелерде апаттықты және жарақаттануды болдырмауға басты назар аударылуы тиіс.

Еңбек қорғауды басқарудың ұйымдастырылуын жетілдіру, оны бірін қалдырмай барлық қызметкерлермен қолданылуы үшін қол жетімді қылу,бизнесті жүргізудің заманауи ахуалына және Серіктестік дамуының жаңа қажеттіліктеріне бейімдеу, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы ішкі нормалар мен стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкестендіру негізінде маңызды.

2. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесінің мақсаттары мен міндеттері және басым бағыттары

2.1 Басты мақсат- қызметкерлердің өмірін қорғауға, денсаулығын сақтауға, әр жұмыс орны мен жалпы Компания бойынша кәсіптік тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін енгізу арқылы олардың еңбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, Серіктестіктің тұрақты дамуы бөлігінде әлемдік компаниялар деңгейіне жету үшін қажетті ахуал мен алғышарттар жасау.

Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттерді шешуге бағытталған нақты ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыру ұйғарылады:

  1. қызметті басқарудың барлық деңгейіндегі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында жұмысты ұйымдастыруды жақсарту;
  2. еңбектің қауіпсіз жағдайы мен барлық санаттағы персоналдың өмірін қорғауды, денсаулығын сақтау қамтамасыз ету;
  3. қызметкерлерді қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
  4. персоналмен жеке жұмыс жасаудың жүйесін құру;
  5. жарақаттануды сақтандырудың деңгейін, оның ішінде Клиенттердің еңбекті қорғау қызметімен әрекеттесуді және еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарының бірлескен аттестациялауының деңгейін арттыру;
  6. персоналды жеке қорғаныс заттармен қажет қамтамасыз етуі;
  7. жарақаттану мен кәсіби сырқат бойынша есептілік жүйесін, оларды болдырмау бойынша қосымша шаралар әзірлеумен бірегейлендіру;
  8. қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында отандық және шетелдік озық тәжірибе енгізу;
  9. жаңа басшылық нормативтік- техникалық құжаттар әзірлеу және қолданыстағыларды қайта өңдеу.

2.2 Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесін дамытудың басымды бағыттары:

  1. еңбекті қорғауды басқарудың экономикалық әдісіне көшуді қамтамасыз етуге байланысты нормативтік- құқықтық қорды жетілдіру, сонымен қатар ішкі нормативті актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру және олардың құқықтық қолданылуын қарапайымдандыру;
  2. кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесін құру;
  3. еңбек қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын енгізу;
  4. заманауи оқыту технологиялары негізінде қызметкерлерді еңбекті қорғау бойынша үздіксіз оқыту жүйесін арттыру. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы оқыту бойынша тиімді бағдарламалар әзірлеу;
  5. еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыратын техникалық құралдар мен технологиялар енгізу;
  6. жоғары қауіпті нысандарға қызмет көрсететін қызметкерлерді дайындау құрылымы мен деңгейін дамыту және техникалық жабдықталуын жетілдіру,
  7. оларды сапалы арнайы киіммен, жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз ету;
  8. қызметкерлерді сақтандыру мен медициналық қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру;
  9. басқарушы қызметкерлердің қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жеке жауапкершілігін жоғарылату;
  10. өзге компаниялардың тәжірибелерін оқып-білу және енгізу;
  11. Компанияда бар ресурстарды, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана, еңбек қауіпсізігі мен салауатты өмір салтын насихаттау және танымалдандыру;
  12. жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау мен жағдай жасаудың ахуалын бақылаудың тиімді жүйесін құру, апаттық жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, автоматтандырылған ақпарарттық жүйелерді енгізу, бақылауды қамтамасыз ету;
  13. мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен тығыз әрекеттесуді қамтамасыз ету;
  14. Компанияның қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы саясатын дамыту және қолдау үшін қызметкерлерді материалдық ынталандыру және уәжі құралдарын белсенді дамыту. Қызметкер ТҚ, ЕҚ және ҚОҚ ортасында үнемі көшбасшылық танытуға, қызығушылық көрстеуі тиіс, үнемі ТҚ, ЕҚ және ҚОҚ саясатын, процедураларын, ережелері мен нормаларын қолданып тұратын көрсетуі керек;
  15. қызметкерлер мен халыққа, қоршаған табиғи ортаға қауіпті және зиянды өдірістік факторлар әсерін жоятын сақтандыру шараларын тиімді өткізу.

2.3. Қойылған мақсаттарға жету үшін Компания:

  1. персоналмен байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жеңілдету бойынша барлық қол жетімді және іске асырылатын шаралар кешенін қолдануға тиісті;
  2. еңбек жағдайын жақсартумен байланысты жоспарланатын және іске асырылатын әрекеттер мен шаралардың басымдылығын сақтауға;
  3. күзет ұйымдарының еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және денсаулық саладағы қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық шарттардың, салалық және корпоративтік нормативтік талаптардың сақталуын қатмтамасыз етуге;
  4. өзінің қауіпсізідк пен еңбекті қорғау саласындағы
  5. Қызметін Қазақстан Республикасының, халықаралық стандарттардың нормалары мен ережелері талаптарына сәйкес іске асыруға;
  6. Клиенттер мен мердігерлерден Серіктестікте қабылданған қауіпсіздік пен еңбекті қорғау және денсаулық саласындағы нормалар мен стандарттарды қолдануды талап етуге;
  7. қауіпсіздікті арттыруға және салауатты, қауіпсіз еңбек жағдайын құруға бағытталған іс-шараларды басымды қаржыландыруды қамтамасыз етуге, ол үшін қажетті қаражат пен ресурстар іздестіріп бөлуге;
  8. тұрақты негізде Серіктестік қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған сәйкес ынталандыру мен жігерлендіру шараларын іске асыруға міндетті.

3. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың озық тәжірибесін енгізу

Компания қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы жұмысын Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының нормативтік-құқықтық актілері мен нормалары және ережелері , «ҚазМұнайГаз»ҰҚ»АҚ ішкі ведомстволық стандарттарының талаптарын ескере, халықаралық талаптар мен стандарттарды ескере құруға тиісті.

Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы қызметке халықаралық стандарттар, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, озық тәжірибе енгізу және халықаралық сапа стандарттарына сай жүргізу келешекте:

  • өндірістік қызметпен байланысты қауіп-қатерлерді азайуға;
  • персоналдың өз қызметінің нәтижесіне қанағаттануы мен жауапкершілігін арттыруға;
  • күзет қызметін көрсетудің экономикалық тиімділігін арттыруға;
  • қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы қызметті үнемі жетілдіруге;
  • Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары, жоғары тұрған ұйымдар мен күзет қызметіне тапсырыс берушілер тарапынан наразылықтарды болдырмауға;
  • тапсырыс берушілердің көрсетілетін күзет қызметтеріне қанағаттануын қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік серіктестік деңгейін арттыру, бөлімшелерде сау әлеуметтік ахуал қалыптастыру, қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмысына барлық пероналдың қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

4. Еңбек қорғауды басқару жүйесін жетілдіру және дамыту

Серіктестегі қауіпсіздік пен еңбек қорғауды басқару жүйесінің (ҚЕҚБЖ) негізгі міндеті орын алған оқиғаларға әрекет етуден тәуекелдерді басқару мен қызметкерлер денсаулығын зақымдаудың алдын алуға ауысу болып табылады. Бұл мақсатқа кәсіптік тәуекелдерді басқаруды тегіс қамти алатын, толассыз, еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын, қызмет көрсететін Клиентке тәуелсіз барлық жұмыс орындарын қамтып, сақтау жүйесін басқарудың негізі жүйесін құру арқылы жету мүмкін.

Кәсіптік тәуекелдерді бағалау, бақылау және басқару:

  • қызметкерлердің денсаулық жағдайын еңбек ахуалының себеп-салдарлық байланысында бағалау және талдауды;
  • қызметкерлерді кәсіптік тәуекел, оның пайда болу мүмкіндігі мен бақылау тәсілдері, сондай-ақ салдарлар мен жауапкершілік туралы хабарландыруды;
  • кәсіптік тәуекелдердің көрсеткіштері динамикасының мониторингін;
  • қызметкерлер денсаулығын зақымдау мүмкіндігін төмендету бойынша (сақтандыру жағдайы туындау мүмкіндігін) сақтандыру іс-шараларын өткізуді көздейді.

Серіктестік ҚЕҚБЖ саясаты талаптарының жете есепке алынуы мен орындалуын және денсаулықты, еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны сақтау үшін қолданылатын іс-шараларды қолдауды ұйымдастыруға тиісті.

ҚЕҚБЖ қолдайтын корпоративтік мәдениетті:

  1. ҚЕҚБЖ саласындағы көрсеткіштерді жақсарту ықыласы;
  2. ҚЕҚБЖ саласындағы жеке көрсеткіштерді жақсарту уәжі;
  3. ҚЕҚБЖ саласындағы көрсеткіштер үшін жеке жауапкершілік қабылдау;
  4. барлық деңгейдегі қызметкерлердің ҚЕҚБЖ әзірлеуге қатысуы;
  5. нәтижелі ҚЕҚБЖ жолын қуушылық негізінде
  6. құру және сақтау қажет.

Компания басшылғымен ҚЕҚБЖ жолын қуушылыққа:

  • ҚЕҚБЖ мәселелеріне қажет ресурстар, уақыт пен қаржы бөлу;
  • күн сайынғы жұмыста жеке үлгі көрсету;
  • жерегілікті нысандармен қатар жеке нысандарда ҚЕҚБЖ жұмысы мен қайта қарауға белсенді қатысу;
  • іскери шешімдерде ҚЕҚБЖ мәселелерінің маңыздылығын мойындау;
  • мақсаттарға жеткен жағдайда тиімділік критерилеріне сәйкестікті мойындау;
  • қызметкерлердің ҚЕҚБЖ саласындағы жұмысын жақсарту шаралары бойынша ұсыныстарын көтермелеу;
  • ішкі және сыртқы бастамаларға қатысу кіреді.

Басшылықтың ҚЕҚБЖ бойынша жақсы көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік беретін және тиімді әрекет ететін корпоративтік мәдениетті жоғарылатуда жетекші рөлі қажет. Жоғары басшылық қызметкерлерді ҚЕҚБЖ көрсеткіштерін жақсартуға белсенді қатысқаны, уәжі, жеке жауапкершілігі үшін көтермелеуі мүмкін.

Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарында

  • жеке қабілеттігіне;
  • тәжірибемен келетін біліміне;
  • алынатын білімдерге сүйене

ҚЕҚБЖ ахуалы үшін сынды белгілі жұмыстар мен міндеттер орындайтын персоналдың құзырлығын қамтамасыз ететін процедуралар әзірлеу керек.

Құзырлықты қамтамасыз ету жүйелері бұрын қабылданған персоналмен қатар жаңа кадрлар іріктеген кезде қолданылуға тиісті. Персоналдың олармен орындалатын функциялар саласында, жұмыстар мен технологиялардың өзгеруі жағдайында құзырлы болу үшін қажет жеке даму мен оқуды назарға ала отырып, құзырлығы деңгейін тұрақты шолу және бағалау қажет. Құзырлықты қамтамасыз ету процедуралары қалғандардың арасынан:

  • тапсырмаларға қойылатын талаптары жүйелі талдауды;
  • персоналдың жұмысын белгілін санаттар бойынша бағалауды;
  • қызметкер құзырлығының құжатталған дәлелдерін;
  • мерзімді қайта бағалау бағдарламаларын қамтиды.

5. Қызметкерлерді оқыту және кәсібі тәжірибесін арттыру

Қауіпсіздік пен еңбек қорғауды басқаруға жаңа тәсілдер іске асырған кезде персоналдың орындалатын жұмыстардың ерекшелігін ескере және жұмыстарды құзырлы атқару үшін оқытуын ұйымдастыру қажеттілігі туындайды, бұл сәйкес біліктілік алуға және жұмыс тапсырмаларын орындау үшін құзырлы болуға мүмкіндік береді.

ТҚ, ЕҚ және ҚОҚ оқыту – бұл білім алу және алмасу, қызметкерлерге қауіпсіз еңбек пен техника қауіпсіздігінің негізгі немесе ерекше стандарттарын ұсыну, жарақаттану мен сырқаттанудың алдын алу, жаңа басты немесе ерекше стандарттармен таныстыру, өндірістік салада нақты және әлеуетті қауіптерді анықтау мен олардың алдын алу, болдырмау және басқару қабілеттігін дағдыландыру үдерісі.

Оқыту, өндіріс саласы үнемі өзгеруде екенін ескере, оқыту курстарын, айырықшалықты облыстарда семинарлар, біліктілікті арттыру курстарын, оқуларды, дағдыландыру мен жоспарлы практикалық жаттықтырулар ұйымдастыру арқылы тұрақты негізде болу керек.

Персоналды даярлаған, оқытқан және біліктілігін арттырған кезде:

  • объектілерде жұмыс істеуге тартылған персонал біліктілігінің тиісті деңгейін, мүмкін апаттық және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерге даярлауды қоса, қамтамасыз ету;
  • жұмыс істеушілердің қолданылатын құралдардың, қабылданатын шешімдердің маңыздылық деңгейіне жауап беретін кәсіби іріктеу мен психикалық даярлау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
  • Серіктестіктің барлық құрылымдық буындарында қауіпсіздік пен еңбек қорғауды басқару жүйесін жақсарту;
  • үнемі тәжірибемен алмасу, жұмыс істеушілерді оқытудың заманауи әдістерін енгізу жөнінде семинарлар өткізу қажет.

Оқту бағдарламаларын жетілдіру, Компанияның білім беру базасында («Семсер АОО» ЖШС) Компания қызметкерлерін қызмет ерекшелігін ескеретін заманауи технологиялар негізінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу қажет.

Оқыту қажеттілігін анықтау және барлық персонал үшін тиісті оқыту өткізу, соның ішінде жұмыс орнында, арқылы персоналды қамтамасыз ету және құзырлығын арттыру процедураларын әзірлеу талап етіледі. Оқыту деңгейі мен түрі Компанияның еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Саясаты мен мақсаттарының іске асырылуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болу керек.

Өткізілетін оқытудың қажет есепке алуын жүргізу, біліктілікті арттыруды жоспарлау, оқыту бағдарламалары тиімділігінің мониторингі жүйесін әзірлеу және оларға қажеттілік бойынша түзетулер енгізу қажет.

6. Қауіпсіздікті және еңбек қорғауды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету

Серіктестікте қауіпсіздік пен еңбек қорғауды басқару жүйесінің саясатын іске асыру деңгей мен оның талаптарын көрсету және қойылған мақсаттарды орындау дәрежесі мен тиімділік критерилерін белгілеу үшін есепке алу және талдау жүйесін дамыту қажет.

Сәйкес мердігерлер мен сатып алулар туралы жазбалар, аудит пен түзету әрекеттерінің қорытындылары енгізілетін есепке алудың тұтастығын, қол жетімділігін және бақылауды қамтамасыз ететін процедуралар болу керек.

ҚЕҚБЖ-не, оның ерекет етуі немесе нәтижелеріне қатысты көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда айқындау, түзету әрекеттер анықтау және қолдану бойынша ынтагерлік көрсету міндеттері мен құзыреттік белгіленеді. Сәйкессіздік жағдайлары мониторинг, қызметкерлерден, мердігерлерден, клиенттерден, мемлекеттік органдар мен жұртшылықтан, сондай-ақ оқиғаларды тексеру нәтижелерінде түскен ескертулер арқылы айқындалуы мүмкін.

Ондай айқындау мен түзету іс-әрекеттердің нақты процедураларын әзірлеу талап етіледі, олар арқылы тікелей басшы жоғары басшылық өкілімен ынтымақтаса:

  1. мүдделі тараптарды хабарландыруға;
  2. себеп – салдарлық байланыс пен мүмкін негізгі себепті анықтауға;
  3. іс-әрекеттер жоспарын немесе түзету жоспарын анықтауға;
  4. бұзышылық түріне шамалас сақтандыру әрекеттеріне бастамашылық етуге;
  5. қабылданған сақтандыру шараларының тиімділігін қамтамасыз ету үшін бақылау жүргізуге;
  6. тиісті персоналды өзгерістер туралы хабарландыруға және оларды іске асыруға тиісті.

Қажет сабақтарды меңгеріп алу, ал сәйкес әрекеттерді жасау үшін ҚЕҚБЖ ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін оқиғалар туралы хабарландыру мен ішкі есепке алу процедуралары қажет.

Реттеуші органдарды оқиғалар туралы заңмен талап етілетін немесе компания саясатының сыртқы байланысқа қойылатын талаптарға байланысты деңгейде хабарландырудың механизмі болу керек.

Оқиғадан кейін оқиға мән-жайымен қатар, оған келтірген ҚЕҚБЖ-дағы кемшіліктерді, оқиғадан кейін шаралар қабылдауға жауапты тұлғалар өз пікірін қалыптастыру үшін, айқындау қажет.

Оқиғадан кейін шаралар қабылдау механизмі мен міндеттер анық анықталу керек. Механизмі, жалпы ҚЕҚБЖ сақталмаған жағдайда, түзету әрекеттерін іске асыру процедуралары сияқты болуға тиісті.

Оқиғадан кейін шаралар қабылдау бойынша міндеттемелер нақты немесе әлеуетті салдарлар көлеміне сәйкес болу керек.

7. Іске асыру мерзімдері мен механизмі

Бағдарламаны іске асыру механизмі, мәселелерді сәйкес жоспарлы іс-шараларды әзірлеу арқылы шешу үшін, қаржылық және ұйымдастыру – құқықтық негіздерден тұрады.

Тұжырымдаманы іске асыру бағдарламалық – мақсатты тәсілмен, барлық мүдделі субъекттердің мақсатты және үйлесімді әрекеттері арқылы іске асырылады.

Серіктестіктің бөлімшелері қайта құрылған, сондай-ақ оның құрамына жаңалар енген жағдайда іс-шараларға түзетулер енгізіледі.

Аталған міндеттерді шешуге Серіктестіктің барлық бөлімшелері мен еншілес ұйымдары, оларға белгіленген функцияларға сәйкес қатысады.

Серіктестіктің бюджеті, іс-шараларды қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады, сондай-ақ өзге болжамды қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы. Бұл ретте Тұжырымдаманы іске асыру үшін жыл сайынғы қаржыландыру көзделеді.

Жұмсалатын қаржы сомалары жыл сайын өндірістік қызметтің және өзге көздерден түсетін қаржы көлемдеріне сүйене нақтыланады.

Тұжырымдаманы іске асыру мерзімдері 2012-2015 жылдарға белгіленді.

8. Күтілетін соңғы нәтижелер мен Тұжырымдаманы іске асырудың тиімділігі

Тұжырымдамада көзделген іс-шараларды көрсетілген мерзімде орындау:

    • Серіктестік бөлімшелерінде өндірістік
    • жарақаттану мен кәсіптік сырқаттардың алдын алу мен сақтандыруға бағытталған қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды басқару және бақылау;
    • қызметкерлерді заманауи технологиялар мен үздіксіз оқыту бағдарламалары базасында еңбекті қорғау бойынша даярлау, қызметкерлерді даярлаудың сапасын жақсарту;
    • - қызметкерлерді сақтандыру және медициналық қамтамасыз ету жүйелерін құруға және жетілдіруге;
  1. қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы ішкі нормалар мен стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкестендіруге;
  2. аталған бағытты халықаралық стандарттар деңгейінде тиімді дамыту, сондай-ақ санитарлық- гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтін жағдайларды жұмыс істейтін қызметкерлердің меншікті салмағын қысқарту үшін қажет қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау жүйесінің материалдық –техникалық базасын нығайтуға;
    • дамыған шетелдік компаниялармен қол жеткізілген еңбек қызметі барысында қызметкерлердің қауіпсіз еңбек ахуалын;
    • Серіктестіктің Еңбекті қорғау қызметінің уәкілетті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тиісті бөлімшелерімен тығыз әрекеттесуді қамтамасыз етуге;
  3. жетекшілік ететін қызметкерлердің қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жеке жауапкершілігін жоғарылатуға;
  4. жанама жоғалтулар мен шығындардың деңгейін төмендету есебінен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын оңтайландыруға;
  5. Серіктестік тырысатын әлеуметтік, имидждік және бәсекелестік тартымдылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Серіктестік қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы, сонымен қатар толыққанды табиғи қоршаған ортаның жағдайы ең құнды екенін түсінеді. Осыған орай Серіктестіктің басшылығы бұдан әрі қауіпсіз өндірістік қызметті дамыту мен қоршаған ортаны қорғауға нақты үлес қосатын ең перспективалық бағыттарды қолдайды және дамытады.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики