Жаңалықтар
Еңбекті қорғау - қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға бағытталған кез келген кәсіпорынды басқарудың негізгі аспектісі болып табылады. Негізгі міндеттерге жұмыс орнында кәсіптік аурулар мен жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ кәсіптік тәуекелдер деңгейін төмендету кіреді.
28 сәуірде Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) жыл сайын Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. Осы мерекеге орай «KMG-Security» ЖШС бас директорының (Басқарма төрағасының) бұйрығымен Серіктестіктің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жақсартуға қосқан оң көрсеткіштері мен елеулі үлесі, лауазымдық міндеттерін адал орындағаны үшін құрмет грамоталарымен марапатталды:
- Балабеков Е.Т., Қарағанды филиалының ҚжЕҚ жөніндегі инженері;
- Сахитжан Х.О., Қызылорда филиалының ҚжЕҚ жөніндегі инженері;
- Шарипов Р.Х., Оңтүстік-Қазақстан филиалының ҚжЕҚ жөніндегі инженері;
- Кәрімханұлы Б., Серіктестіктің ҚжЕҚ қызметінің жетекші маманы.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы проблемаларға назар аудару, еңбек қызметіне байланысты жарақаттар, аурулар мен өлім-жітім санын азайту мақсатында ұлттық мұнай-газ холдингі қызметкерлерінің атына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы М.М. Мырзағалиев сөз сөйледі.