Жаңалықтар

24.05.2024
«KMG-Security» ЖШС өңірлік «Спартакиада 2024» іс-шарасын өткізді

Кәсіпқойлықты арттыру - қауіпсіздік кепілі! Осындай ұранмен а.ж. 14-16 мамыр аралығында Ақтау қаласында Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің базасында «KMG-Security» ЖШС спартакиадасы ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара, ең алдымен, пост персоналы қызметкерлерінің дайындық дәрежесін анықтауға, кәсіби және физикалық қасиеттерін дамытуға, спорт пен салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыруға, ұжымды біріктіруге бағытталған.

Спартакиадаға қатысу үшін әр өңірлік бөлімшеден 12 команданың құрамына кірген ең үздік қызметкерлер іріктелді.

Жарыс спорттың 6 түрінен өтті (шағын футбол, кір тасын көтеру спорты, армреслинг, 100 метрге жүгіру, үстел теннисі, Макаров тапаншасынан ату).

Жарыстың 3-күнінің қорытындысы бойынша:

Бірінші жалпы командалық орынды Жаңаөзен филиалының командасы;

Екінші орынды – Ақтөбе филиалы;

Үшінші орынды – Батыс Қазақстан филиалы иеленді.

Келесі спорт түрлері бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Шағын футбол

- 1-орын «Жаңаөзен» командасы;

- 2 орын «Маңғыстау» командасы;

- 3 орын «Жетібай» командасы.

Кір тасын көтеру спорты

- 1 орын «Жаңаөзен» командасы;

- 2 орын «ОҚФ» командасы;

- 3 орын «Атырау», «Маңғыстау», «Қызылорда» командалары.

Армрестлинг

-1 орын «Жаңаөзен» командасы;

-2 орын «Маңғыстау» командасы;

-3 орын «Ақтөбе» командасы.

100 метрге жүгіру.

-1 орын «Ақтөбе» командасы;

-2 орын «БҚФ» командасы;

-3 орын «Атырау» командасы.

Мылтық ату

-1 орын «БҚФ» командасы;

-2 орын «Павлодар» командасы;

-3 орын «Астана АКБ» командасы.

Үстел теннисі.

-1 орын «Қарағанды» командасы;

-2 орын «Жаңаөзен» командасы;

-3 орын «Ақтөбе» командасы.

Жеке номинациялар бойынша жеке марапаттарға ие болған қызметкерлер:

Үздік шабуылшы - Мәди Айбек, Жаңаөзен филиалының күзетшісі;

Үздік қақпашы - Супагалиев Әділ, Атырау филиалының күзетшісі;

Үздік гол - Мұнайипасов Нұрболат, Маңғыстау филиалының Жетібай учаскесінің күзетшісі;

Жеңіске деген ерік-жігері үшін - Рзагазы Мақсат, Қарағанды филиалының күзетшісі;

Риясыз әділқазылық еткені үшін - Диас Парменбай, Ш. Есенов атындағы мемлекеттік университеттің судьясы;

Спартакиаданы ұйымдастырғаны үшін – батыс өңірдегі ОА-ның өңірлік өкілі Ж.С. Картбаев.

Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз және оларға одан әрі кәсіби жетістіктер, жұмыстарына табыс, зор денсаулық, келісім және өркендеу тілейміз.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики