Жаңалықтар
Мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, жоғары кәсібилігі, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі және қажырлы еңбегі үшін «Қазақтүрікмұнай» ЖШС басшылығы «KMG-Security» ЖШС Ақтөбе филиалының директоры Қазбек Жоламанұлы Прмаганбетовті құрмет грамотасымен марапаттады.
К.Ж. Прмаганбетов 2013 жылы компанияда еңбек жолын объектінің күзет бастығы лауазымынан бастаған, үлкен жұмыс өтілі бар ең тәжірибелі қызметкерлердің бірі болып табылады. 2017 жылдан бастап «KMG-Security» ЖШС Ақтөбе филиалын басқарады.
Осы уақыт ішінде ол өзін жоғары ұйымдастырушылық және басқару қабілеттеріне ие кәсіби және білікті көшбасшы ретінде көрсетті.
Әріптесімізге одан әрі еңбекте табыс және алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне тілектеспіз.
Анықтама:
«KMG-Security» ЖШС 2008 жылдан бастап Ақтөбе және Маңғыстау филиалдарының өңірлік бөлімшелерінің күшімен «Қазақтүрікмұнай» ЖШС мұнай-газ өндіру объектілерін күзету бойынша қызметтер көрсетеді.