Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына және бекітілген кестеге сәйкес, «KMG-Security» ЖШС өңірлік бөлімшелері адамдарды әкімшілік ғимараттардан эвакуациялаумен өртке қарсы жаттығулар ұйымдастырып, өткізді.
Дұрыс және уақтылы эвакуациялау Серіктестік қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды аспектілердің бірі болып табылады, сондықтан өрт кезінде адамдарды эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізуге ерекше назар аударылады.
Оқу түріндегі эвакуация өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметкерлердің білімін арттыру, оларға өртке қарсы қауіпсіз мінез-құлықты үйрету, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда персоналдың іс-әрекетін тексеру мақсатында жүргізіледі.
Жаттығу соңында филиалдардың ҚжЕҚ инженерлері эвакуацияға баға берді, жаттығуларға қысқаша талдау жүргізді, ұнтақты өрт сөндіргішті қолданудың практикалық әдістері көрсетілді.