Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 24 тамызында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «KMG-Security» ЖШС орталық аппаратының және 11 өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобының басқа да компанияларымен бірлесіп жоспарланған сенбілікке шықты.
Астана қаласында бірлескен күш-жігердің нәтижесінде, қаланы техникалық сумен жабдықтау, егістіктерді суару және елорда шегінде рекреациялық қажеттіліктерді қамтамасыз ету көзі болып табылатын «Нұра-Есіл» қалалық каналының бойында 6 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Анықтама:
Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен басталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл бастама жұртшылықтың назарын экология проблемаларына, сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығына аударуға арналған.