Жаңалықтар
Ағымдағы жылғы 26 қазанда Ақтау қаласында қазақстандық мұнайдың 125 жылдығын мерекелеуге арналған қайырымдылық марафоны өтті.
5 және 10 км екі қашықтыққа жүгіруге «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлерін, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарын, Маңғыстау облысының тұрғындарын қосқанда 1000-нан астам адам қатысты.
«KMG-Security» ЖШС-нен берілген қашықтықты еңсерген Маңғыстау филиалының келесі күзет қызметкерлері белсенді қатысты:
- Папчук М.
- Бурбаев Е.
- Утесинов Р.
- Отарбаев С.
- Чиракбаев А.
- Нышанбаев Т.
- Ходжабеков Н.
- Сатаев Р.
- Тенельбаев К.
- Кельмеденов Ж.
- Мустафин Б.
Марафоннан жиналған барлық қаражат Түпқараған және Қарақия аудандарының үш тірек мектебінде, сондай-ақ Жаңаөзен қаласында спорт залдарын жарақтандыруға бағытталатын болады. Бұл балалардың физикалық дамуы үшін жағдайды жақсартуға және жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қолдауға мүмкіндік береді.
«KMG-Security» ЖШС адамдарды спорт пен салауатты өмір салты төңірегінде біріктіретін түрлі жобалар мен қайырымдылық бастамаларды үнемі қолдайды.