Жаңалықтар

Ағымдағы жыл «KMG-Security» ЖШС-ның құрылғанына 25 жыл мерейтойлық күнімен белгіленді. Жыл бойы Серіктестік түрлі мәдени, спорттық және кәсіби іс-шаралар (конференциялар, семинарлар, тренингтер, конкурстар) ұйымдастыруды, сондай-ақ ерекше көзге түскен қызметкерлерді, оның ішінде компанияда ұзақ уақыт жұмыс істеген және жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізген ардагерлерді құттықтаулар мен түрлі мерекелік рәсімдер өткізуді жоспарлап отыр.
Осылайша, мінсіз жұмысы, жұмысқа адалдығы және жоғары кәсібилігі үшін компанияда 20 жылдан астам жұмыс істеген Павлодар филиалының диспетчері Мырзаболат Зарлықұлы Хасенов Құрмет грамотасымен марапатталды. Филиалдағы жұмысын М.З. Хасенов күзетші қызметінен бастап, учаске бастығы және кейіннен кезекші бөлімнің диспетчеріне дейінгі лауазымдарды атқарған.
Павлодар филиалының директоры А.Б. Анапинов Құрмет грамотасын салтанатты жағдайда табыс етті.
Әріптесімізді құттықтай отырып, оған денсаулық, бақыт және жұмыста одан әрі табыс тілейміз.