Жаңалықтар

2025 жылғы 22-23 ақпанда Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлеріне арналған, 400-ден астам адам қатысқан алғашқы қысқы Спартакиада өтті.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-дан шаңғы жарысы бойынша жарысқа «KMG-Security» ЖШС Астана қаласы бойынша арнайы күзет бөлімшесінің өткізу бюросының кезекшісі Гүлшан Айдарбекқызы Ибрагимова қатысты, ол өзінің жасына сәйкес топ бойынша жеке есепте 1-орын алды.
Г.А. Ибрагимова Серіктестікте 2021 жылдан бастап жұмыс істейді, белсенді өмір салтын ұстанады, бұрын шаңғы спортынан спорт шеберіне үміткер болған. Кәсіби жетістіктерден басқа, оның физикалық формасын сақтауға деген ұмтылысы басқа қызметкерлер үшін тамаша үлгі болып табылады.
«KMG-Security» ЖШС бас директорының (Басқарма төрағасының) 2025 жылғы 4 наурыздағы бұйрығымен Г.А. Ибрагимова 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы төлене отырып, Серіктестіктің құрмет грамотасымен марапатталды.