Жаңалықтар

2025 жылғы 24 қаңтарда «KMG-Security» ЖШС Кешенді қауіпсіздік орталығының (бұдан әрі – КҚО) презентациясы және ресми ашылуы өтті, оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы А.Г. Хасенов, сондай-ақ компанияның басқа да басшы қызметкерлері қатысты.
Нақты уақыт режимінде қауіпсіздік жүйесін бақылаудың және күзет процесін бақылаудың берілген параметрлерін шығара отырып, КҚО-ның техникалық мүмкіндіктері көрсетілді.
Бас ақпараттық панельде (дашборд) Серіктестіктің цифрлық инфрақұрылым элементтерін бақылау процесі (GPS, интернет-радиобайланыс, бейнебақылау), сондай-ақ «SimBASE» жаңа буынның автоматтандырылған басқару жүйесі негізінде бизнес-процестерді визуализациялау (персонал мен материалдық ресурстарды басқару, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қаржылық есеп, құқықтық сүйемелдеу және т.б.) көрсетілді.
Презентация аясында ҚМГ басшылығы заманауи цифрлық технологиялар (ҰҰА, антидрон мылтығы, ақылды көзілдірік, радиостанциялар, бейнетіркегіштер, планшеттер) негізінде мұнай-газ кешені объектілерін қорғаудың жекелеген құралдарымен және технологияларымен танысты.
Кешенді қауіпсіздік орталығы серіктестікке мүмкіндік береді:
- күзет объектілерінің кешенді қауіпсіздігін бақылау мен басқаруды оңтайландыру;
- қауіпсіздік қатерлері мен тәуекелдеріне ден қою тиімділігін және оларды жоюдың жеделдігін арттыру;
- әртекті күзет және ақпараттық жүйелер паркін бірыңғай басқару кешеніне біріктіру;
- деректерді өңдеу жылдамдығын және техникалық (физикалық) қорғау және ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін басқарудың жеделдігін арттыру;
- ресурстарға (материалдық, кадрлық, ақпараттық) тиімді кешенді бақылауды қамтамасыз ету.
Анықтама:
КҚО-ны құрудың алдында техникалық тапсырманы жобалау мен әзірлеуді, жеткізушіні таңдау бойынша конкурс өткізуді, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, аппараттық-бағдарламалық кешен мен жабдықты сатып алуды, орнатуды және баптауды және тағы басқаларды қамтитын 2024 жыл бойы көп еңбекті қажет еткен кезеңдік жұмыс болды
.Серіктестік мамандары мұнай-газ саласы объектілерін күзету бойынша шешілетін міндеттерді негізге ала отырып, ахуалдық орталықтардың, кешенді қауіпсіздік орталықтарының, диспетчерлік орталықтардың архитектурасын салу бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерделеді.
Серіктестіктің қорғалатын объектілеріне жобалау алдындағы тексеру жүргізілді, күзет қызметінде қолданылатын технологиялар зерделенді, қолданыстағы қауіпсіздік жүйелерінің деңгейіне баға берілді, КҚО құру арқылы шешуге болатын проблемалар мен осалдықтар анықталды.