Комплаенс

«KMG-Security» ЖШС комплаенс-офицері қызметінің негізгі мақсаты Серіктестіктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

Комплаенс-офицер өз өкілеттігін атқарушы органға, квазимемлекеттік сектор субъектісінің лауазымды адамдарына қарамастан жүзеге асырады, Серіктестіктің Қадағалау кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.

«KMG-Security» ЖШС комплаенс-офицерінің негізгі міндеттері:

  • Серіктестік пен оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;
  • Серіктестікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
  • Серіктестікте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
  • Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету.

«KMG-Security» ЖШС Комплаенс-офицері: Мәмбетәлі Рәббіл Бақытұлы

Заңнаманы бұзушылықтарды уақтылы анықтау және алдын алу мақсатында, Сіз кез келген сыбайлас жемқорлық және өзге де бұзушылық фактілері туралы хабарлай аласыз:
- mambetali@kmg-s.kz электрондық поштасына
- +7 777 522 3707 нөмірлі WhatsApp мессенджері арқылы.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики