Қарулы күзетпен алып жүру
«KMG-Security» ЖШС Қазақстан Республикасының барша аумағында тауарлы-материалды құндылықтарды және жүктерді қарулы күзетпен алып жүру бойынша қызмет көрсетеді.
Компания қажетті қару-жарақтың, байланыс және қорғаныс құралдарының бәріне ие. Жоғары кәсіби шеберлік пен жүктерді алып жүрудің нақты жолға қойылған сұлбасының арқасында мүліктің қарулы күзетке берілген сәтінен бастап мұқият сақталуы үшін біз өзімізге толық жауапкершілік артамыз.
Жүк сипатына байланысты оны тасымалдау кезінде қарулы күзетпен алып жүрудің жеке жоспары әзірленіп, онда тасымалдау түрі мен сапар желісі, жол бағдарының жалпы қылмыстық сипаты және ықтимал қауіп-қатерлер секілді қажетті егжей-тегжейінің бәрі көрсетіледі.
Жүкті қарулы күзетпен алып жүруге дайындық кезінде әуелі сапар желісіндегі жол жағдайы тексеріледі. Мұнымен бірге:
- ЖПБ бекеттері, полиция бөлімшелері, ІІО байланыс ақпараттары көрсетіліп, бағдардың нақты картасы жасалады;
- жолдың анағұрлым қауіпті тұстарын анықтап, өзін-өзі ұстау мен қарсы әрекет әдістерін алдын ала ойластыру үшін, сапар желісіндегі жол оқиғаларының статистикасы сұратылып, зерттеледі.
- күзетшілер жарақталып, толығымен нұсқама алады.
Біздің компаниямыздың қызметкерлерінің кәсіби дағдылары, сондай-ақ дайындық шараларын мұқият пысықтау жүкті межелі орынға бүтіндей жеткізуге мүмкіндік береді.