Кадр саясаты

Серіктестіктің кадр саясаты Компанияның бәсекелі ортадағы көсемдігін қамтамасыз ететін, Компанияны жоғары кәсіби білікті қызметкерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, заманауи HR-технологиялары мен тиімді уәждемелік механизмдерді пайдалануға, кадрларды таңдау және дайындау үдерістерін ұтымды жоспарлай отырып, адам ресурстарын басқару жүйесінің дамуына бағытталған.

Компания персоналының жалпы штат саны 4,6 мыңға жуық қызметкерді құрайды.

Күн сайын–2,2 мың адам күзет қызметіне кіріседі.

Кадр саясатын жүзеге асырудағы түйінді бағыттар:

  • уәждеме, персонал қызметінің тиімділігін арттыруға, оны тартуға және ұстап қалуға, лайықты еңбек жағдайын жасауға, еңбек нәтижесіне байланысты персоналды көтермелеу және сыйақы жүйесін дамытуға, сонымен қатар Серіктестіктің есебінде тұратын зейнеткерлерді әлеуметтік қолдауға бағдарланған;
  • қызметкерлер өмірінің сапасы мен деңгейін арттыру, әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін бірыңғай корпоративік тәсілдеме енгізу, Компанияға деген сенімділіктері мен адал ниеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, қызметкерді басқа ұйымдардың әлеуметтік пакетімен салыстыра отырып, көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерінің тізімімен, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын жақсарту бойынша өз бастамалары туралы хабардар ету.

Қазіргі уақытта Серіктестікте қабылданған нормативтік құжаттарға сәйкес, қолда бар ақшалай қаражат пен мүмкіндіктер шегінде өндірістік персонал қызметкерлеріне әлеуметтік қолдаудың келесі түрлері көрсетіледі:

  • әлеуметтік жәрдемақы (өндірістегі жазатайым оқиға нәтижесінде еңбекке қабілеттілігі жойылған қызметкермен еңбек шартын бұзған кезде, кәсіптік сырқат, мүгедектікті белгілеген жағдайда, қызметкермен еңбек шартын оның зейнетке шығуына байланысты тараптар келісімі бойынша бұзған кезде);
  • қызметкердің қайтыс болуына байланысты біржолғы төлем;
  • қызметкерлердің 14 жасқа дейінгі балаларын жаңа жылдық сыйлықтармен қамтамасыз ету;
  • Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттауға байланысты біржолғы төлем;
  • жыл сайынғы кәсіби шеберлік конкурсының нәтижесі бойынша ақшалай сыйақылар.

Әкімшілік-басқарушы қызметкерлерге және өндірістік персоналға материалдық көмектің келесі түрлері көрсетіледі:

  • Жыл сайынғы еңбек демалысына шығуына байланысты сауығу үшін;
  • балалы болуына (ұл баланы және/немесе қыз баланы асырап алуына) байланысты;
  • жақын туыстарының қайтыс болуына байланысты;
  • қызметкердің қайтыс болуына байланысты;
  • (әкімшілік-басқарушы қызметкерлерге) жол жүру, жүк тасымалдау, тұрғын жайды жалдау шығындарын өтеу.

Серіктестік, сондай-ақ жалпы науқастануға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуеттік жәрдемақы төлейді.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики