Омбудсмен
«KMG-Security» ЖШС-де омбудсмен институтын құру мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу жөніндегі шараларды күшейтуге, компанияның имиджін жақсартуға, әдеп саласындағы барлық бұзушылықтарды, «KMG-Security» ЖШС ішкі құжаттарының талаптарын және Қазақстан Республикасының заңнамасын тәуелсіз және бейтарап қарауға бағытталған.
Омбудсмен өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, «KMG-Security» ЖШС Жарғысын, омбудсмен туралы ережені, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Іскерлік әдеп кодексін және «KMG-Security» ЖШС өзге де ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
«KMG-Security» ЖШС омбудсменінің негізгі міндеттері:
- Еңбек даулары мен жанжалдарын, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ қызметкерлердің «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Іскерлік әдеп кодексі қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу;
- Еңбек даулары мен жанжалдарын ерте ескерту және реттеу арқылы «KMG-Security» ЖШС рейтингі мен имиджін арттыруға жәрдемдесу;
- «KMG-Security» ЖШС (өңірлік бөлімшелер) басшылығы мен қызметкерлер арасындағы бейресми коммуникацияларды қамтамасыз ету, осы негізде жетілдіру үшін проблемалар мен бағыттарды уақтылы анықтау, Серіктестіктің саясаты мен рәсімдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
«KMG-Security» ЖШС омбудсмені: Ерімбетов Серікбай Садықұлы
Байланыс ақпараты:
Мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 8, «Изумрудный квартал» әкімшілік ғимараты, «Б» блогы, 705 кабинет
телефон: +7 (7172) 55-90-45, электрондық пошта: erimbetov@kmg-s.kz