Еңбекті қорғау мен қауіпсіздіқ

Көмірсутек шикізатын барлаумен, өндірумен, тасымалдаумен, сондай-ақ мұнай өнімдерін сақтаумен, өңдеумен және өткізумен айналысатын ұйымдарға қызмет көрсетумен байланысты «KMG-Security» қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қызметкерлердің еңбегін қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету топ қызметіндегі маңызды құрамдас бөліктердің бірі болып табылады.

Осы саладағы жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, ведомстволық нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес, сондай-ақ қорғалатын объектілердің ерекшелігі мен негізгі қызметі ескеріле отырып жүргізіледі.

Жазатайым оқиғалар мен апаттарды болдырмау мақсатында Серіктестікте мынадай ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жүргізіледі:

  • Оқиғаларды хабарлау және тексеру тәртібі туралы қағидалар, Жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану қағидалары, ДБКАЖ-дың жұмыс жасау қағидалары, Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық әзірленді және енгізілді.
  • Серіктестік қызметкерлері үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі барлық нормативтік құқықтық актілер цифрлық форматқа (QR-кодтар) көшірілді.
  • жыл сайын қауіптер мен тәуекелдер тізбесі бекітіледі және бағаланады.
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ТЖЕК және өрт қауіпсіздігі жөніндегі біліктілік комиссияларының жұмысы ұйымдастырылды. ҚжЕҚ, өрт, өнеркәсіптік, радиациялық қауіпсіздік бойынша қызметкерлерді оқыту және олардың білімін тексеру, «Қорғаныстық жүргізу» бағдарламасы бойынша жүргізушілерді оқыту тұрақты негізде жүргізіледі, «Қорғаныстық жүргізу» бойынша жаттықтырушыларды даярлау жұмыстары жүргізіліп жатыр;
  • «KMG-Security» ЖШС қызметкерлері үшін «Өмірлік маңызды қағидалар» еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы корпоративтік стандарт әзірленді және енгізілді;
  • қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілген, қыстың суық климаты бар өңірлерде қосымша қорғаныс құралдарымен (қой терісінен тігілген қысқа тон) қамтамасыз етіледі;
  • күзет бекеттері оқ тұтқыштар орнатылған қызметтік қаруды оқтауға және оқтан ажыратуға арналған орындармен жабдықталған. Қызметтік қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік мақсатында: «KMG-Security» ЖШС қызметтік қаруды тазалау және майлау кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқаулық және Оқ ату тирінде (ату алаңдарында) ату кезінде оқ ату және қауіпсіздік шаралары бойынша сабақтарда білім алушылар үшін қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар әзірленді және бекітілді;
  • түзілген қатты және тұрмыстық қалдықтардың есебі жүргізіледі, олар сұрыпталады және бөлек сақталады, кейіннен кәдеге жаратуға беріледі;

«KMG-Security» ЖШС қызметкерлердің жұмысы үшін лайықты және қауіпсіз жағдайлар жасауды еңбек өнімділігін арттырудың маңызды аспектілерінің бірі деп санайды.

Өндірістік санитарияны сақтау мақсатында:

  • тұрақты негізде тұрғын үй модульдеріне күрделі жөндеу, сондай-ақ оларды кезең-кезеңімен ауыстыру;
  • Серіктестік балансындағы үй-жайларды дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізіледі.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында барлық тұрғын модульдер автоматты өрт дабылымен жабдықталған.

Серіктестік сенімді және апатсыз жұмыс істеу, қызметкерлер үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайту қағидаттарын ұстанады.

«KMG-Security» ЖШС-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптары барлық жасалатын келісімшарттарға арнайы қосымшада жазылады.

Серіктестікте оқиғалар туындаған жағдайда уақтылы хабарлау және оларға ден қою талаптарын қамтитын нақты рәсім әзірленді және қолданылады.

Өндірістік қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін жыл сайын тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау, оқыту курстары, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады және өткізіледі, тиісті оқыту бағдарламалары әзірленеді, белгіленген мерзімде жұмыс орындарында персоналға нұсқау да өткізіледі.

2010 жылы Серіктестік OHSAS 18001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттаудан өтті. 2018 жылы ISO 45001:2018 «Денсаулық сақтауды басқару жүйесі және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жаңа стандартына көшті.

Сертификаттау мынаны көрсетеді:

  • кәсіпорын өндірістік және кәсіптік қауіп факторларын қатаң бақылауды жүзеге асырады және өз қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды;
  • компания өзінің барлық бөлімшелерінде персоналдың денсаулығы мен қауіпсіздігін басқару жүйелерін дұрыс басқаруды және бақылауды қамтамасыз ете алады.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики