Басшылық
Бас директор (Басқарма төрағасы)
Генерал-майор
Заң ғылымдарының докторы
1959 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген
Еңбек жолы:
1981-1982 жылдар аралығында Қазақ КСР Жамбыл облысы Шу аудандық атқарушы комитетінің жауапты хатшысы.
1982-1995 жылдар аралығында Қазақ КСР прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасының бас прокуратурасының басшылық және аға басшылық құрамында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
1995-1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Бас басқармасының бастығы.
1998-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аға басшылық құрамында түрлі лауазымдар атқарды.
2003-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары.
2007-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы.
2013 жыл – «ҚазГЗУ» АҚ-ның С. Зиманов атындағы терең білім беру және қолданбалы ғылымдар Академиясының Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу институтының директоры.
10.2013-22.04.2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ президенті.
2022 жылғы 22 сәуірден бастап «KMG-Security» ЖШС (Басқарма төрағасы) бас директоры.
«Даңқ» орденінің толық кавалері (бірінші және екінші санаттағы), басқа да мемлекеттік және ведомстволық марапаттармен марапатталған.
Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының, Мемлекеттік тергеу комитетінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.
3 ЖОО-ның құрметті профессоры.
65-тен астам ғылыми еңбектердің және 17 кітаптың, қылмысқа қарсы іс-қимыл, қылмыстарды ашу және тергеу, соның ішінде терроризмнің түрлі аспектілері бойынша оқу-тәжірибелік құралдардың авторы.
Бас директордың бірінші орынбасары (Басқарма мүшесі)
1964 жылы 21 шілдеде дүниеге келген
Еңбек жолы:
1987 жылдан 1993 жыл аралығында – Алматы облысы аудандық ішкі істер бөлімінің СМҰАҚБ жедел уәкілі.
1993 жылдан 1996 жыл аралығында – Алматы облысы Талғар АІІБ экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі бөлімнің бастығы.
1996 жылдан 1997 жыл аралығында – аса маңызды істер жөніндегі бөлім бастығы, Алматы қаласы Мемлекеттік тергеу комитеті департаменті басқармасы бастығының орынбасары.
1997 жылдан 2001 жыл аралығында – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық құрамның әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарған.
2001 жылдан 2012 жыл аралығында – Ақмола облысы ІІБ, Өскемен қ. ІІБ, Астана қ. ІІД аға басшы құрамының әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарған.
2012 жылдан 2014 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел жоспарлау департаментінің бастығы.
2014 жылдан 2016 жыл аралығында – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.
2016 жылдан 2019 жыл аралығында – Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің бастығы.
04.2019 жылдан 09.2019 жыл аралығында – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
2019 жылдан 2021 жыл аралығында – «KMG-Security» ЖШС өңіраралық басқарма басшысы.
2021 жылдан 23.02.2023 жыл аралығында – «KMG-Security» ЖШС маркетинг және келісімшарттар департаментінің директоры.
24.02.2023 жылдан бастап – «KMG-Security» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары.
«Айбын» орденінің II-дәрежелі кавалері, Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған, бірқатар ведомстволық марапаттары бар.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.
Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары (Басқарма мүшесі)
1961 жылғы 22 маусымда туылған.
Еңбек жолы:
1987 жылдан 1996 жыл аралығында – Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл аудандық қаржы бөлімінің халық шаруашылығы салаларын қаржыландырудың бас маманы.
1996 ж. – Алматы қаласы Фрунзе аудандық қаржы бөлімі бастығының орынбасары.
1996 жылдан 1999 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бюджет департаментінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
1999 жылдан 2002 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі Ішкі жұмыс департаментінің басшы құрамының әртүрлі лауазымдарында қызмет етті.
2003 жылдан 2006 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ұйымдастыру-қаржы жұмысы департаментінің, басқару және қаржы департаментінің басшы құрамында әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен.
2006 жылдан 2012 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті қаржы басқармасының бастығы.
2012 жылдан 2013 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Индустрия және туризм комитетінің әкімшілік жұмыс және қаржы басқармасының бастығы.
2013 жылдан 2014 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің экономика және қаржы департаментінің директоры.
2014 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.
2018 жылдан 2023 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің әртүрлі басшылық лауазымдарында қызмет еткен.
05.2023 жылдан 12.2023 жыл аралығында – «KMG-Security» ЖШС әкімшілік-сервистік қамтамасыз ету департаментінің директоры.
12.2023 жылдан бастап – «KMG-Security» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
Еңбек еткен кезеңінде Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «ҚР кеден қызметіне 15 жыл» және «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.