Сатып алулар

«KMG-Security» ЖШС тобының тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы Қордың Директорлар кеңесі бекіткен (2021 жылғы 3 наурыздағы №193 хаттама), «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII Заңына сәйкес әзірленген және қабылданған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен реттеледі.

Аталған заңға сәйкес сатып алу келесі қағидаттарға негізделеді:

  • сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;
  • өнім берушілердің коммерциялық құпияға құқықтары және (немесе) заңды мүдделері сақтала отырып, сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы (тендер қорытындылары шығарылғанға дейін);
  • болашақ өнім жеткізушілер арасында адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;
  • сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;
  • осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, болашақ өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
  • отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ отандық орындаушылар мен қызмет көрсетушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қарама-қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;
  • инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;
  • сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу;
  • сатып алынатын тауарлар құрамындағы зияткерлік меншік объектілерінің құқығын сақтау.

Ерекше тәртіп

Тәртіптің 73-бабының 1-тармағына сәйкес сатып алудың кейбір санаты ЭСАЖ сатып алу веб-порталын (www.zakup.sk.kz) пайдаланбай, ерекше тәртіпті қолдана отырып жүзеге асырылады. Тәртіптің 73-бабының 3-тармағы негізінде, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алуды қоспағанда, ерекше тәртіп қолданылып жүргізілетін жоспарланған сатып алу туралы ақпарат тапсырыс берушілердің веб-сайттарында орналастырылады.

Тізімді жүктеу

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики