Компаниядағы мансап

«KMG-Security» ЖШС күзет бөлімшелерінің кадрлық құрылымы күш құрылымдарындағы көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар жоғары дәрежелі мамандарға негізделеді. 

Күзет қызметкерлерін іріктеу байқау негізінде жүзеге асырылып,  олардың дербес мәліметтері, іскери және психологиялық қасиеттері міндетті түрде тексеріледі.  

«KMG-Security» ЖШС Қазақстан Республикасының 19 жасқа толған, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін арнайы бағдарлама бойынша дайындықтан өткен, қылмыс жасағаны үшін сотты болмаған, денсаулық жағдайы күзет ісімен айналысуға жарамды (көруінің нашарлауына, психикалық ауруларына, маскүнемдікке немесе нашақорлыққа байланысты қару қолдануға қарсы көрсетімі жоқ) азаматтарын қабылдайды.

Серіктестік өзінің қызметкерлеріне:

  • икемді жұмыс кестесін;
  • тұрақты еңбекақы;
  • міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың уақытылы төлемін;
  • Серіктестіктегі жұмыс өтілі және санат үшін үстеме ақы;
  • кепілді әлеуметтік пакет, оның ішінде неке қиюға, баланың дүниеге келуіне, жақын туысының өмірден қайтуына байланысты, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлемін;
  • сыйақы төлемдерін;
  • мансап құру мүмкіндігін ұсынады.

Біз мойнына алған міндеттерін адал атқара білетіндігінің арқасында қызмет бабымен жылдам жоғарылауға ұмтылатын сындарлы адамдармен ұзақ мерзімдік ынтымақтастыққа мүдделіміз. 

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики