Қызметкерлерді дайындау
«KMG-Security» ЖШС кадрлармен жұмыс істеуге көп көңіл бөледі.
Компания қызметкерлері орындайтын әр тарапты міндеттер жоғары деңгейдегі арнайы білімдер мен біліктілікті және оларды үнемі шыңдап отыруды талап етеді.
Кез келген күзет қызметкері сынақ мерзімін табысты аяқтаған соң, жалпы және арнайы дайындықтан, кәсіби жарамдық және ұжымға психологиялық үйлесімділік тестінен өтеді.
Күзет қызметкерлері мамандандырылған оқу орталығында белгіленген пәндер бойынша жыл сайынғы қайта даярлаудан өтеді. Дене және оқ ату даярлығы жағынан қажетті дағдыларын дамытады, құқық негіздерін, психологияны, рұқсат етілген қарулардың алуан түрін қолдану ережелерін, алғашқы көмек көрсету кезеңдерін және т.б. игереді.
Компанияда қызметкерлер біліктілігін көтеруге, олардың кәсіби шыңдалуына барша жағдайлар жасалған. Нысандардың барлығында міндетті түрде күзет қызметтерін ұсыну бойынша негізгі жұмыстарды атқару тәртібін реттейтін қызметтік құжаттама бар.
Компания басшылығы өз қызметкерлерін қадірлейді және тамаша еңбек жағдайларын ұсынады. Біз әрбір маманның біліктілік деңгейін көтеруді жүзеге асырамыз, оның күзет және қауіпсіздік саласындағы іскерлігі мен білімін кеңейтеміз, сондықтан өз міндеттеріңізді сапалы орындаған жағдайда біздің ұйымымыздан жұмыс пен мансапқа қол жеткізе аласыздар.