Қауіпсіздік аудиті

ТОО «KMG-Security» ЖШС ұйымдастыру жүйесіне және тапсырыс берушілер нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аудит жүргізу бойынша қызметтер көрсетеді.

Қауіпсіздік аудиті – төмендегілерден тұратын іс-шаралар кешені:

  • нысанда қалыптасқан жағдайды жедел талдамалы бағалау;
  • күзетілетін нысанның қорғалуын инженерлік-техникалық бағалау;
  • экономикалық қауіпсіздік.

Қауіпсіздіктің кешенді аудиті сонымен қатар кәсіпорынның қауіпсіздік саясатының талдауын және қауіпсіздік режимін қамтамасыз ету, олардың талаптарға сәйкестігі мен орын алған тәуекелдерге барабарлығын бағалау бойынша техникалық-ұйымдастыру шараларын қамтиды.

Аудит қорытындысы кәсіпорын қауіпсіздігінің одан арғы стратегиясын  қалыптастыруға негіз болып табылады.  Аудит барысында сонымен қатар қауіпсіздікке төнген қатерлерге қарсы тұру бойынша қолданыстағы техникалық-ұйымдастыру шараларының тиімділігін тексеру  жүзеге асырылады.  

Қауіпсіздік аудиті клиент активтерінің қорғалуының ағымдағы жағдайын объективті және тәуелсіз бағалауға,  қауіптердің жүзеге асу ықтималдығын, сонымен бірге олардың тигізуі мүмкін зиянын ескеретін  ықтимал тәуекелдерді анықтауға, оны кешенді жетілдіру бойынша сындарлы сарапшылық ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.  

Қауіпсіздіктің кешенді аудиті аяқталған соң, Тапсырыс берушіге анықталған қауіптер туралы ақпаратты қамтитын жан-жақты есеп, сонымен қатар оларды жоюға толыққанды ұсыныстар беріледі.   

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики