Саясат

Компанияның еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы
САЯСАТЫ

Компания еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық нормалар мен стандарттарды міндетті түрде сақтау, заманауи бизнестің қарқынды дамуының басты шарты деп біледі.

Осыған байланысты күзет бизнесiнiң ерекшелiгiн ескере отырып, өз қызметкерлерінің денсаулығын барынша қолдау мен жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, компания қызметіне қатысы бар басқа тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар өзінің күнделікті қызметін жүзеге асыратын жерлерде экологиялық қауіпсіздікті барынша қолдау және табиғи ортаны сақтау іргелі мақсаттарымыздың бірі болып табылады.

Компанияның негізгі ережелері мен мақсаттары Қазақстанда әрекет ететін ЕҚ, ТҚ мен ҚОҚ бойынша барлық заңнама актілерінің, сондай-ақ шешімдері заңнамалық немесе нормативтік актілермен реттелмейтін жеке басқару құжаттарының барлық басқару деңгейлерде міндетті орындалуын көздейді

Компания бөлімшелерінің барлық қызметкерлері еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаумен байланысты талаптарды түсінеді және орындалуы үшін жауапкершілікте болады.

Қауіпсіздік, денсаулығын қорғау мен қоршаған ортаны қорғау талаптарының біздің қызметкерлер тарапынан мүлтіксіз орындалуы компанияның табысты қызметінде басты рөл атқарады деп ойлаймыз.

Біздің компанияның еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттары:

  • өндірісте жазатайым жағдайларды болдырмау;
  • өндірістегі апаттардың алдын алу;
  • қызметкерлер денсаулығына мұқиятпен қарау;
  • қоршаған ортаны сақтау.

Негізге алынатын принциптер:

  • компания басшылығының еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау деңгейін арттыру мақсаттарын бұлжытпай ұстану;
  • компанияның қауіпсіз жұмыс жүргізуді қамтамасыз етуі мен жауапкершілігі, компанияның барлық қызметкерлерінің және мердігерлерінің еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормалары мен талаптарын білу және сақтау қажеттілігін түсінуі, сондай-ақ олардың өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілігі;
  • өз қызметкерлерінің әрқайсысының денсаулығына қамқорлық таныту;
  • жаңа істерді немесе операцияларды орындау алдында Компанияның барлық қызметкерлерін тиісті оқыту мен қайта даярлау;
  • қоршаған ортаны барлық қолда бар құралдармен және әдістермен қорғау;
  • қызметкерлер арасында еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Компания саясатын Компанияның корпоративті мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде дамытып, жақсарту.

Компания қызметіндегі негізгі басымдықтар:

  • еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі талаптарын барынша сақтау, сонымен қатар компанияның күзетілетін өндірістік және өзге де нысандары орындарында қоршаған ортаны қорғауға қатысу;
  • компания қызметкерлері мен күзетілетін нысан персоналының денсаулығын қорғау мен қамтамасыз етуге жағдай жасау;
  • табиғи ресурстарды ақылға сай әрі тиімді пайдалану;
  • мамандандырылған күзет құралдарын, қару-жарақты, өрт қауіпсіздігі заттарын, байланыс құалдарын, автокөлік т.б.пайдаланған кезде еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен экологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау;
  • Мемлекет пен Тапсырыс берушілермен өткізілетін еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды жақсартумен байланысты бағдарламаларға қатысу.

Тиімділіктің негізгі сандық көрсеткіштері:

  • бұзушылықтарды болдырмау, бірінші кезекте, жұмыс жүргізудің тоқтатылуына алып келетін ерекше қауіпті бұзушылықтарды;
  • жарақаттану көрсеткіштерін төмендету;
  • жарақаттану қаупі бар жағдайлардың туындауы мен қоршаған ортаның ластануы көрсеткіштерін төмендету;
  • материалдар мен энергия тасымалдаушыларды тұтынуды төмендету;
  • қоршаған ортаға жағымсыз әсерді төмендету;
  • өз қызметінің барлық сатысында қалдық санын азайту.

Жоғары көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді:

  • заманауи технологиялар мен өнімдерді пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау талаптарына жауап беретін көлік құралдарын, күзет пен байланыс құралдарын пайдалану, сонымен қатар Компанияның орталық және аймақтық кеңселерінің дағдылы өмірінде энергия тұтынуымен қоса ресурстарды пайдаланудың қатаң бақылауын ұйымдастыру;
  • жол бағдарын міндетті, алдын ала жоспарлау, күзет автокөліктерінің техникалық жағдайының тұрақты мониторингі және көлік жүргізудің жақсы дағдылары автокөлікті барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және денсаулыққа келер қауіпті азайтуда, сонымен қатар жанар- жағар май шығындарының азаю қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетіп, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруда септігін тигізеді;
  • Тапсырыс берушінің, іскерлік серіктестердің, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың, бақылаушы және тексеруші органдардың және тұрғылықты халықтардың бізге деген сенімінің тұрақты артуы олармен ашық түрде өзара әрекет етуіміздің арқасы, Компания біздің Республикамыздың аумағында күші бар қолданыстағы заңнамаға, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы талаптарға сәйкес жұмыс жасайды және барлық қызығушылық танытқан тараптарға біздің қызмет үрдістерімізде мүмкін болған, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы салған күш-жігеріміз, ниетіміз, жеткен жетістіктеріміз туралы ақпарат береміз.

Экологиялық және табиғатты қорғау бағдарламалары:

  • Тапсырыс берушілер - серіктестер нысандарында экологиялық сауығудың барлық міндетті бағдарламаларын орындауға қатысу;
  • Компания бөлімшелерінің қызметі кезінде қоршаған ортаның ластануына жол бермейтін, қазіргі заманғы технологияларды қолдану.

Компания үшін ең құнды нәрсе - ол қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаның толыққанды табиғи болуы. Осы мақсатта Серiктестiк басшылығы бұрынғыдай қауiпсiз өндiрiстiк қызметтi дамытуға және қоршаған ортаны қорғауда нақты үлес қосатын, басты бағыттарды қолдап, жетiлдiредi.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
МунайТас
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
АО "Интергаз Центральная Азия"
AGP
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «Казахстанско-Китайский трубопровод»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ
сайт статистики