VIP күзет

«KMG-Security» ЖШС төмендегілерді қоса алғанда жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша (жеке күзет) қызметтер көрсетеді:

  • клиентті қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • жеке тұлғалардың жеке қорғауын қамтамасыз ету (отандық және шетелдік компаниялар басшыларының және олардың отбасы мүшелерінің);
  • түрлі делегациялар мүшелерін, әртістерді және шығармашылық қызметкерлерді республика аумағында (олар орын ауыстырған кезде де) қабылдау, күзету, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмірі мен денсаулығын қорғау;
  • мәдени-көпшілік және ойын-сауық шараларын (концерттер, жұрт алдында сөз сөйлеу, тұсаукесер рәсімдері, көрмелер, спорт жарыстары, корпоративтік мерекелер және т.б.) өткізу кезінде қорғалатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • қорғалатын тұлғаларды автомобильмен алып жүру;
  • кәсіби дайындығы бар жүргізушілер қызметін ұсыну;
  • клиент пайдаланатын жол бағдарының қауіпсіздігін тексеру;
  • ұдайы баратын орындарының қорғалғандығын тексеру;
  • клиенттің ұдайы баратын орындарының маңайындағы жағдайдың өзгеруін бақылау;
  • бір реттік бару орындарының қауіпсіздігін тексеру;
  • қорғалатын тұлғаға қолжетімділікті шектеу;
  • клиентке қолжетімділік алған тұлғаларды тексеру;
  • дегдарлы тұрғын үйлерді, коттедждерді және т.б. күзету;
  • клиенттерге құқыққа қайшы қастандықтан қорғану мәселелері бойынша кеңестер беру және жеке қауіпсіздікті, мүлік, бизнес қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді:

Қазақстан Республикасы күш құрылымдарының таңдаулы арнайы бөлімшелері мамандарының шағын  ортасынан таңдап алынған, Қазақстанда, Ресейде, Украинада, Израильде, Чехияда, Англияда, Германияда және

АҚШ-та лаңкестікке қарсы және дербес қауіпсіздікті қамтамасыз ету курстарынан өткен  қызметкерлер.

Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке күзет және нысандар күзеті, қару қолдану және  арнайы тактика  саласынан алған білімдерін олар күнделікті жұмыста пайдалануда әрі жоғары дәрежелі оққағар-мамандар болып табылады.   

Жеке күзетті қамтамасыз етуді біз еліміздегі және шет елдердегі  заманауи жағдайларға толығымен жауап беретін халықаралық әдістер мен көп жылдық тәжірибе негізінде құрамыз. 

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики