Басшылық

Қозы-Көрпеш Жапарханұлы КАРБУЗОВ

Генерал-майор                                                                                                                                                                             
Заң ғылымдарының докторы

1959 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген

Еңбек жолы:

1981-1982 жылдар аралығында Қазақ КСР Жамбыл облысы Шу аудандық атқарушы комитетінің жауапты хатшысы.

1982-1995 жылдар аралығында Қазақ КСР прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасының бас прокуратурасының басшылық және аға басшылық құрамында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

1995-1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Бас басқармасының бастығы.

1998-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аға басшылық құрамында түрлі лауазымдар атқарды.

2003-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары.

2007-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы.

2013 жыл – «ҚазГЗУ» АҚ-ның С. Зиманов атындағы терең білім беру және қолданбалы ғылымдар Академиясының Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу институтының директоры.

10.2013-22.04.2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ президенті.

2022 жылғы 22 сәуірден бастап «KMG-Security» ЖШС (Басқарма төрағасы) бас директоры.

«Даңқ» орденінің толық кавалері (бірінші және екінші санаттағы), басқа да мемлекеттік және ведомстволық марапаттармен марапатталған.

Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының, Мемлекеттік тергеу комитетінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.

3 ЖОО-ның құрметті профессоры.

65-тен астам ғылыми еңбектердің және 17 кітаптың, қылмысқа қарсы іс-қимыл, қылмыстарды ашу және тергеу, соның ішінде терроризмнің түрлі аспектілері бойынша оқу-тәжірибелік құралдардың авторы.

МҰХИТОВ Қайрат Болатұлы

Бас директордың бірінші орынбасары

1964 жылы 21 шілдеде дүниеге келген

Еңбек жолы:

1987 жылдан 1993 жыл аралығында – Алматы облысы аудандық ішкі істер бөлімінің СМҰАҚБ жедел уәкілі.

1993 жылдан 1996 жыл аралығында  – Алматы облысы Талғар АІІБ экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі бөлімнің бастығы.

1996 жылдан 1997 жыл аралығында – аса маңызды істер жөніндегі бөлім бастығы, Алматы қаласы Мемлекеттік тергеу комитеті департаменті басқармасы бастығының орынбасары.

1997 жылдан 2001 жыл аралығында – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық құрамның әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарған.

2001 жылдан 2012 жыл аралығында – Ақмола облысы ІІБ, Өскемен қ. ІІБ, Астана қ. ІІД аға басшы құрамының әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарған.

2012 жылдан 2014 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел жоспарлау департаментінің бастығы.

2014 жылдан 2016 жыл аралығында – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

2016 жылдан 2019 жыл аралығында – Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің бастығы.

04.2019 жылдан 09.2019 жыл аралығында – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

2019 жылдан 2021 жыл аралығында – «KMG-Security» ЖШС өңіраралық басқарма басшысы.

2021 жылдан 23.02.2023 жыл аралығында – «KMG-Security» ЖШС маркетинг және келісімшарттар департаментінің директоры.

24.02.2023 жылдан бастап – «KMG-Security» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары.

«Айбын» орденінің II-дәрежелі кавалері, Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған, бірқатар ведомстволық марапаттары бар.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики