Еңбекті қорғау мен қауіпсіздіқ

«KMG-Security» қызметінің көмірсу шикізатын барлаумен, сақтаумен, өңдеумен, сонымен қатар мұнай өнімдерін қайта өңдеумен және сатумен айналысатын ұйымдарға көрсетілетін қызметтермен байланысты ерекшелігін ескере отырып, персоналдың қауіпсіздігі мен еңбегін қорғауды қамтамасыз ету топ қызметінің басты құрамдас элементі болып табылады

Бұл саладағы қызмет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, ведомстволық нормативті-құқықтық және нормативті- техникалық актілерге сәйкес, сонымен қатар негізгі қызмет пен күзетілетін нысандардың ерекшеліктерін ескере отырып іске асырылады.

Жазатайым оқиғалар мен апаттарды болдырмау мақсатында Серіктестікте келесі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жүргізіледі:

  • Оқиғалар жайында хабарлау және оларды тергеп-тексеру тәртібі туралы қағидалар, Жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану қағидалары, ДБКАЖ жұмыс істеу қағидалары, Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық әзірленіп, енгізілді;
  • жыл сайын Қауіптер мен тәуекелдер тізбесі бекітіледі, оларға бағалау жүргізіледі.
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ТЖЕК және өрт қауіпсіздігі жөніндегі біліктілік комиссиясының жұмысы ұйымдастырылды. Тұрақты негізде қызметкерлерге ЕҚжЕҚ, өрт, өнеркәсіптік, радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту және білімдерін тексеру жүргізіледі;
  • Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы «АЛТЫН ҚАҒИДАЛАР» кодексі әзірленіп, енгізілді;
  • қызметкерлер жеке қорғаныш құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілген;
  • күзет бекеттері оқ тұтқыштар орнатылған қызметтік қаруды оқтау және оғын алу орындарымен жабдықталған;
  • сұрыпталып, бөлек сақталатын және артынан кәдеге жаратуға жіберілетін бөлінген қатты және тұрмыстық қалдықтарға есеп жүргізіледі;
  • өндірістік санитарияны сақтау мақсатында Серіктестік теңгеріміндегі орынжайларға уытсыздандыру, зарарсыздандыру және дератизациялау жүргізіледі.
  • жұмыс күні және қызметкерлердің демалыс уақыты режимінің дұрыс сақталуына бақылау жүргізіледі.

Серіктестік сенімді және апатсыз жұмыс ұстанымдарын, қызметкерлер үшін қауіпсіз әрі сау еңбек жағдайын жасау және қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайту қағидаларын ұстанады.

«KMG-Security» ЖШС персоналдың жұмысы үшін лайықты және қауіпсіз жағдай жасау, еңбек өнімділігін арттырудың ең маңызды аспектілерінің бірі деп есептейді.

«KMG-Security» ЖШС қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы талаптары барлық келісімшарттардың арнайы қосымшасында беріледі.

Серіктестікте оқыс оқиғалар туындаған кезде, уақытылы хабар беру және әрекет ету талаптарын қамтитын нақты процедуралар қарастырылған.

«KMG-Security» ЖШС персоналға еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігінің жоғары мәдениетін дағдыландыра отырып, өндірісте жазатайым жағдайлар мен ауру-сырқаудың алдын алуға болатынын түсінеді.

Өндірістік қауіпсіздіктің мәдениетін бұдан әрі дамыту үшін жыл сайын сәйкестендіру мен тәуекелдерді бағалау, түрлі оқыту курстары, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылып, өткізіледі, сәйкес оқыту бағдарламалары әзірленеді, белгіленген мерзімде жұмыс орындарында нұсқаулықтар өткізіледі.

Серіктестік өндірістегі жарақаттануды толығымен болдырмау мақсатында техникалық қауіпсіздікті жақсартуға бағытталған үрдістерді жетілдіруде.

2010 жылы Серіктестік еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі саласындағы OHSAS 18001 Халықаралық стандарт талаптарына сәйкестілікке сертификаттаудан өтті.

Сертификаттау көмегімен:

  • кәсіпорын өз персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өндірістік және кәсіби тәуекелдер факторларына қатаң бақылау жасауды жүзеге асырады;
  • компания барлық бөлімшелердегі персоналдың денсаулығын қорғау мен қауіпсіздігін басқару жүйелеріне тиісті басқару мен бақылауды қамтамасыз ете алады.

Компанияда еңбек пен қорғау жағдайының кешенді тексерістерін және саралауын жүргізетін, құрал жабдықтардың, қорғаныс және өндірістік орта құралдарының қауіпсіздік нормаларымен белгіленген, халықаралық стандарттар мен ережелер талаптарына сәйкестік деңгейін бағалайтын, тұрақты әрекет ететін комиссия құрылды.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики