Жаңалықтар

29.03.2019
«Семсер - Өрт сөндіруші» ЖШС-ның Маңғыстау облысы ТЖД-мен бірлескен күші «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ объектісіндегі тілсіз жауды тізгіндеді

2019 жылғы 25 наурызда сағат 05-тен 46 минут кеткенде (Астана қ. уақытымен) «Қаламқас» ш/а газ-су қоспасының шығарылу ошағы өртенді, осыған байланысты оқиға орын алған жерге «Семсер - Өрт сөндіруші» ЖШС-ның 4 өрт сөндіру автокөлік автоцистернінен, 2 бірлік бульдозерден, 10 бірлік КамАЗ маркалы өзітүсіргіштен тұратын күштері келді, сондай-ақ техниканы және 30 адамдық жұмыс персоналын эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

Сағат 14-тен 20 минут кеткенде өрт шыққан орынға Маңғыстау облысы ТЖД-ның саны 6 бірлік техника күштері мен құралдары келді. Өрт сөндіру барысында жедел штаб құрылды және өрт техникасына арналған алаң мен кірме жолдарды дайындау жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.

28.03.2019 жылғы сағат 02-ден 05 мин кеткенде газ-су қоспасының жануы тоқтатылды. Осыдан кейін грифонның қайта жануына жол бермеу мақсатында бөгеттеу периметрі бойынша құрамында 2 бірлік АЦ бар қауіпсіздік бекеті қойылды.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики