Жаңалықтар

15.05.2019
«KMG-Security» ЖШС Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлері магистральдық газ құбырындағы газ шығымының алдын алды

2019 жылғы 3 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бекітілген учаскесін патрульдеу барысында «KMG-Security» ЖШС Батыс Қазақстан филиалының №205 жұмылдырылған тобының экипажы, құрамында аға күзетші О.Т.Мұхамбетов, күзетшілер М.С.Ихсанов пен М.Б.Сисенов болып, 1066 шақырымда «Өзен-Атырау-Самара» магистральды мұнай құбырымен бір технологиялық дәлізде өтетін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ құбырындағы газ шығымын анықтады.  

Жұмылдырылған топ экипажы өзара іс-қимыл тәсіміне сәйкес бұл жөнінде жедел түрде филиалдың кезекші бөліміне хабарлады. Батыс Қазақстан филиалының кезекшісі «КазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының «Орал» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның  «Орал» магистральдық газ құбырлары басқармасының диспетчерлік қызметтерін дер кезінде хабардар етті.

«Орал» МГҚБ филиалының РХГ авариялық бригадасы оқиға орнына 40 минутта келді.

Авариялық бригада келгенге дейін оқиға орнын Батыс Қазақстан филиалы жұмылдырылған тобының қызметкерлері күзетті.      

№205 жұмылдырылған тобының қызметкерлері шебер іс-қимыл көрсеткені үшін «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» МГҚБ филиалы басшылығының алғыс хатымен марапатталды.   

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики