Жаңалықтар

07.06.2019
«Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС еншілес компаниясы кешенді оқу-жаттығу сабақтарын өткізді

Қызметтік дайындықтың жылдық жоспарына сәйкес 2019 жылғы 7 маусымда «Жайықмұнай» ЖШС объектісінде «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС-ның Орал қаласындағы филиалдарына қауіпті өндірістік объектілердегі ықтимал төтенше жағдайлар мен өрттерді жою және мұнайдың авариялық төгілуін жою бойынша кешенді оқу-жаттығу сабақтары өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты: су қоймасында мұнайдың авариялық төгілуін жою.

Сабақтардың тақырыптары:

- таудан өздігінен түсу;

- зардап шегушіні биіктіктен түсіру;

- зардап шегушіні үйіндіден, тұйық кеңістіктен көтеру;

- АҚЖ жүргізу орнында қауіпті заттардың ШРК-сін анықтау құралдарын қолдана отырып тыныс алуға жарамсыз ортада авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;

-  жол-көлік оқиғаларының салдарын жою.  

Қатысушылар мен бақылаушылар құрамы:

  • «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС күштері мен құралдары;
  • «Жайықмұнай» ЖШС басшылығы, оның ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1»  ЖШС-ның өкілдері (бұдан әрі – Қадағалаушылар).

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша Қадағалаушылар тарапынан іс-шараның өткізілуіне жоғары баға берілді, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу мен жою мәселелері бойынша, оның ішінде біліктілікті арттыру және оқыту мәселелері бойынша өзара әрекеттестік саласын арттыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики