Жаңалықтар

29.10.2019
Күзет ұйымдарының қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер!

«KMG-Security» ЖШС басшылығы мен ұжымы атынан «Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні» кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар.

Қажырлы еңбек етіп, кәсіпқойлық пен тәжірибе танытып жүргендеріңіз үшін Сіздерге алғыс айтамыз!

Сіздер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға тиесілі, бізге сеніп тапсырылған мұнай-газ кешенінің объектілерін қылмыстық қол сұғушылықтан сенімді қорғап келесіздер, Тапсырыс берушілермен бірлесе отырып, объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын күшейту іс-шараларын жүзеге асырудасыздар, құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етіп жүрсіздер.

Ендеше Сіздерге тыныш қызмет, сенімді әріптестер тілейміз. Өздеріңізді және өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар демекпіз және туыстарыңыздың осы қиын да жауапты жұмыстарыңызға түсіністікпен қарауына, қолдау көрсетуіне тілектеспіз.

Жиналған  кәсіби тәжірибе компаниямыз үшін жаңа жобаларды іске асыруға ықпал етсін!

Барлықтарыңызға серпінді өсу және өркендеу, ойланған жоспарларды жүзеге асыруда табыс, зор денсаулық, отбасылық бақ-береке және бақыт тілейміз!

Құрметпен, «KMG-Security» ЖШС ұжымы

Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бізге сеніп тапсырды

КазМунайГаз
Самрук Казына
"КазМунайГаз" Разведка и Добыча
Озенмунайгаз
Карачаганак
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ”
KazTransOil
ТОО "Атырауский НПЗ"
ТОО «СП «Казгермунай»
КБМ
ТОО «Урал Ойл энд Газ»
ТОО «ҚазМұнайГаз Өнімдері»
сайт статистики